BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Президент алпауыт елдердің шиеленісіне алаңдайтынын айтты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада кеше басталған VІІІ Азаматтық форум бүгін жалғасын тапты. «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбы арқау болған бүгінгі жиынға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Назарбаев өзі және мемлекет үкіметі алпауыт елдер арасындағы шиеленістің ушығуына байланысты алаңдаушылық күйде жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Қазір бүкіл әлемде жағдай қиын. Басты мемлекеттердің барлығы, негізгі алпауыт елдер бір-бірімен тіл табыса алмай жатыр. Бұл адамзатқа қамқорлық жасауға тиіс мемлекеттер. Мысалы, тек АҚШ пен Ресейде 15 мың ядролық жарылғыш зат бар. Бұнымен адамзатты бірнеше рет жоюға болады. Бірнеше рет. Осындай елдердің бір-бірімен тіл табыспауы біздің барлығымызда алаңдаушылық туғызады», – деді президент.

Елбасы Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы, басқа елдердің санкциялық шешімдері Қазақстанға әсер ететінін айтты.

«Сондықтан Үкімет те, мен де, осындай жағдайда мазасыз күйде жұмыс істеп жатырмыз. Егер бізде бір нәрсе болып қалса, бұны қалай қамтамасыз етеміз? Сол себептен қазір бірлік, өзара түсіністік, отансүйгіштік, ел және отан үшін жоғары жауапкершілік сезімі ауадай қажет. Мен үкіметтік емес ұйымдар әрдайым менімен бірге болады деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер