BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Назарбаев оқуларына 1500 адам қатысады

АСТАНА. 19 қараша. BAQ.KZ - 29-шы қарашада І Назарбаев оқулары өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлімдеді.

«29-шы қарашада І Назарбаев оқулары өтеді. Тақырыбы – «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Форум Назарбаев университетінде өтеді. Дамудың қазақстандық жолы әлемде қызығушылық тудыруда. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев моделін зерделеуге деген қызығушылықты ескере отырып Назарбаев орталығы мен Білім және ғылым министрлігі жыл сайын Назарбаев оқуларын өткізуді дәстүрге айналдырмақ. Ол жетекші сарапшылардың, саяси қайраткерлердің және әлем ғалымдарының қатысуымен өтетін болады», - деді Ә.Ғалымова. 
Оның айтуынша, халықаралық оқулар жұмысы Қазақстанның сыртқы саяси бастамалары, жаңа экономикалық модель, Қазақстанның инновациялық дамуы, Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы, заманауи мемлекетті құру атты 5 панельдік сесиядан тұрмақ. Сонымен қатар, жастар мәселелері жеке қаралатын болады. 

«Назарбаев оқуларының шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған кітап және фотосурет көрмесі ұйымдастырылады. Қазіргі таңда І Назарбаев оқуларына 1500-ден астам адам қатысатыны белгілі болып отыр. Беделді сарапшылар комиссиясы Назарбаев оқуларының негізгі тақырыптары бойынша 14 пленарлық, 62 панельдік және 409 стендтық баяндаманы іріктеп алған. Қазіргі таңда әлемнің 51 елінен танымал саяси қараткерлер, халықаралық сарапшылар мен атақты ғалымдар қатысатынын растады», - деп толықтырды ол.

 

Диана Құлмағанбетова

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер