BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Еңбек Ері»: Бұл – ауыл еңбеккерлерінің марапаты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайрамбай Дөненбаевқа «ҚР Еңбек Ері» жоғары атағын тапсырды.

«Мен өзім қарапайым қойшының баласы болдым. Сол көзімді ашқалы қой шаруашылығында өсіп, өзім де қазір сонда жұмыс істеп жатырмын. Сіздің саясатыңыз бен қамқорлығыңыздың арқасында бәрімізге жұмыс жасауға мүмкіншілік бердіңіз», - деді .

Ол бүгінде мал басы 52 мыңға жеткенін, мал басынан түскен табысқа ауылда 21 ірі-ірі нысан салынғанын атап өтті.

«Осы шаруашылығымда 2015 жылы өзіңіз болдыңыз. Сол кезде маған үлкен батаңызды беріп, алғысыңызды айттыңыз. Айтқан ақылыңыз жатсам да, тұрсам да көкейімде жүрді. Бүгінгі берген марапатыңыз ауыл еңбеккерлері, қойшылардың марапаты деп түсінемін. Алғысым шексіз, рахмет!» - деді Сайрамбай Дөненбаев.

Еске сала кетсек, бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы мемлекеттік наградаларды тапсырған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер