BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы теміржол доңғалақтарын өндіретін кәсіпорынды іске қосты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірінде бірқатар индустриялық жобаны іске қосты.

Олардың қатарында машина жасау және құрылыс индустриясы саласындағы жобалар бар. Атап айтсақ, Елбасы Павлодар облысындағы «Проммашкомплект» теміржол доңғалақтарын өндіретін кәсіпорынды онлайн режимде іске қосты. Ол теміржол доңғалақтары өндірісін жылына 75 мыңнан 200 мыңға дейін ұлғайтуға, 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Өнімдердің үштен екісі сыртқы нарыққа шығарылады.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы Шымкенттегі қуаты 110-220 кв трансформатор шығаратын «Asia Trafo» зауытын ашты. Қызылорда облысындағы қуаты жылына 1 млн тонна болатын «Гежуба Шиелі Цемент» Қазақстан-Қытай инвестициялық жобасын да іске қосты.

«Баршаларыңызды Қазақстанның осы жобаларымен құттықтаймын. Теміржол доңғалақтарының өндірісі біздің импорттық позициямыз болған. Қызылорда Цемент зауыты да аса маңызы жоба. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Іске қосыңыздар», - деді Назарбаев Астанадағы ЭКСПО Конгресс орталығында.

Сондай-ақ, телекөпір барысында Қазақстан президенті «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мен Қарағанды облысының катодты мыс өндіретін «Алмалы» кен орнындағы құрылысы аяқталған және өндіріс қуатына шығуға дайын «Sary-Arka Copper Processing» кәсіпорынын іске қосуға пәрмен берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер