BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәжікстан аумағында қазақстандықтар бір ай тіркеусіз жүре алады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ҚР азаматтарының Тәжікстан Республикасы аумағында, Тәжікстан Республикасы азаматтарының ҚР аумағында болу тәртібі туралы келісім ратификацияланды.

«Заң жобасы азаматтардың екі тарап аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз және тараптар аумағында жалпы 90 күн болуын көздейді. Келісімді ратификациялау тараптардың аумағындағы азаматтардың болу мәселелерін құқықтық реттеуге мүмкіндік береді», - деді министр.

Оның айтуынша, азаматтар 30 күн ішінде мекенжайын ауыстырса әр тіркелген орнын хабарлауы қажет.

«Егер олай жасамаса, жауапқа тартамыз. Бізде сондай заң бар. Осы тәртіпті өзімізде қараймыз», - деді Қасымов.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары заң жобасын мақұлды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер