Сүлейменов МЖӘ жайлы: Саннан сапаға көшетін уақыт жетті  - Парламент|29 Қазан 2018, 11:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сүлейменов МЖӘ жайлы: Саннан сапаға көшетін уақыт жетті 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселесінде саннан сапаға көшетін уақыт жетті. Бұл жөнінде Мәжілістегі үкімет сағатында ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке арналған шығындарды жоспарлауда да жаңашылдықтар бар. Егер, бұған дейін МЖӘ шығындары келісімшарт жасалғаннан кейін ғана республикалық немесе жергілікті мемлекеттік орган бюджетіне енгізілетін. Ал бюджеттің айналасындағы шаралар қандай да бір нысан бойынша келіссөздердің аяқталу мерзіміне сай келе бермейді. Сол себепті, бізге бекітілген конкурстық құжаттама негізінде шығыны бюджетке енгізу мүмкіндігі беріліп отыр», - деді министр.

Ведомство басшысы алдағы уақытта жергілікті жобаларға шетел инвесторларын тартуға мүмкіндік беріліп отырғанын да атап өтті. Айта кету керек, бұған дейін валюталық тәуекелдерге өтемақы ерекше маңызды республикалық жобаларға ғана беріліп келді.

«Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік лимиттерін анықтау әдістері де анықталды. Жыл сайын біз мемлекеттік міндеттеме лимиттерін алдағы үш жылдық мерзімге арнап бекітеміз. Қазір бұл мәселеде белсенділік бар болғандықтан және өңірлер өз лимиттеріне жауапкершілікпен қарай бастағандықтан, біз барлық әкімдік бойынша 670 млрд теңгеден 937 млрд теңгеге дейін ұлғайттық. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті одан әрі дамытуға қатысты айтар болсақ, қазір сома да үлкен, жобалар көлемі де үлкен. Сондықтан, саннан сапаға көшетін уақыт жетті. Сондай-ақ, «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» пен «Концессиялар туралы» екі заңды біріктіру мәселесін қарастыруды жоспарлап отырмыз. Бұл екі құжат көп мәселе бойынша бір-бірін қайталады және концессия мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің бір құралы болып табылады», - деді Сүлеймнов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер