BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жоғары білімге қосымша ақы төлене ме?


Астана. 27 мамыр. Baq.kz-Жанар Қарамолдаева ҚР Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұловқа төмендегідей сұрақ қойыпты: «Мен 2007 жылы №1 Алматы педагогикалық колледжіне оқуға қабылданып, 2010 жылы аталған колледжді "Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану" мамандығы бойынша аяқтадым. 2010 жылдан бастап ШЖҚ "Іле АОА" МКК ауруханада кадр бөлімінің инспекторы қызметін атқарып келемін. 2011 жылы Алматы Үздіксіз білім беретін университеттің "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2014 жылы аталған университетті аяқтауым керек. Менің сізге қояр сауалым, егер мен 2014 жылы осы университетті "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша аяқтасам, ары қарай кадр бөлімінде жұмыс жасай аламын ба? Маған жоғары біліміме қосымша ақы төлене ме?»


ҚР Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұлов былай деп жауап беріпті:
«Құрметті Жанар Мұхтарқызы! «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мамандар даярлайды және мемлекет тарапынан жыл сайын білім беру гранты бөлінеді. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша кадр бөлімінде жұмыс жасау жұмыс берушімен жасалынған келісім шартта қарастырылуы керек.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер