BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жеке меншік балабақша ашу үшін қандай құжат керек?


Астана. 16 мамыр. Baq.kz-Несібелі Қыдырғалиқызы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың блогына сұрақ жолдайды:
Менің мамандығым – мұғалім. Мен өз мамандығым бойынша жеке жұмыс жасағым келеді. Сол себепті жеке меншік балабақша немесе бастауыш мектеп ашқым келеді. Осы ойымды іске асыру үшін мемлекет тарапынан қолдау бола ма? Және де осы осы сала бойынша мен лицензия алуым керек пе? Оны кандай мекемеден алам?


ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың жауабы:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар (құрылтайшылар) құрады. Сонымен қатар, табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Сондықтан, балабақша немесе бастауыш мекеме ашу өз құзыретіңізде. Заңды тұлға (балабақша, бастауыш мектеп, кәсіпкер) ретінде тіркелу (ашу) үшін жергілікті атқарушы (әділет басқармаларына) органдарына қабарласуыңыз керек. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру қызметі мен жеке педагогтік қызметтердің лицензияланбайтынын, бастауыш білім беру қызметінің лицензияланатынын хабарлаймыз».

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер