BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, кітап оқыңыз

Америкалық ғалымдар кітапқұмар жандардың өзге адамдарға қарағанда ұзақ өмір сүретінін анықтапты. Ұзақ жылдарға созылған зерттеу нәтижесі көп оқитын адамдар кітап оқымайтындарға қарағанда, орташа есеппен алғанда екі жылға артық өмір сүретінін көрсеткен.

Бұл жаңалықты АҚШ-тағы беделді оқу орындарының бірі Йель университетінің қызметкерлері сүйіншілеп отыр.

Massaget.kz сайтының мәліметінше, әдебиетке деген сүйіспеншілік адамды рухани байытып қана қоймай, оның өмірін де ұзарта алады. Сынақ жұмыстарына шамамен 50 жас шамасындағы 3500 адам қатысқан. Ғалымдар оларды кітап оқуға уақыт бөлуіне қарай үш топқа бөліп табан аудармастан 12 жыл бақылаған. Нәтижесінде кітапты көп оқитын жандардың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім деңгейі 23 пайызға төмен болып шыққаны байқалған.

Бүркіт НҰРАСЫЛ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер