BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үйде ит ұстасаңыз, ұзақ өмір сүресіз

Фото: kotopes.ru

Жақында жарияланған зерттеу көрсеткендей, ит адамның ең жақын досы ғана емес, сонымен қатар дәрігері, фитнес жаттықтырушысы екен. Ол адамның дені сау болып, ұзақ өмір сүруі үшін барын салады.

Ит асырайтын үйде үлкендер де, балалар да стреске көп шалдықпайды. Және балалар демікпесінің алдын алып, қан қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Итін қыдырту, ойнату арқылы иесі көп қозғалып, дене жаттығуларын жасайды.

Иті бар адам басқаларға қарағанда күніне 2760 қадам артық жасап, қосымша 23 минут дене жаттығуын жасайтыны белгілі болды. Тіпті қыста суық күнде басқалар жылы диваннан тұрғысы келмей жатқанда, ит иесі қозғалыста болады.

Нақты мәлімет алу үшін тексеруден өткен адамдар аяқтарына бір апта бойы қозғалыс датчигін тағып жүрген. Нәтижесінде иті жоқтар, иті барларға қарағанда 30 минут артық отырғаны белгілі болды.

Иті барлар да, иті жоқтар да қыста және жауында аз қозғалған, бірақ иті барлар ауа райына қарамастан далаға шығып тұрған.

Тіпті осындай күндері кейбір иті бар кісілер иті жоқтардың күн ашық кездегі қозғалысынан да көп қозғалған.

Бұдан шығатын қорытынды, адамға қартайған сайын қозғалыс маңызды бола түсіп, ит оған көп көмегін тигізетінін түсінесің. Өзіңнен басқа тағы біреуге қамқорлық жасау көбірек қозғалуға себеп болады дейді зерттеушілер.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер