BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Үй шаруасына қажет кеңестер

Үй шаруасында кез келген жағдайдың жолын тауып, бас қатырған мәселені оп-оңай шешуге болады. Мәселен, жай ғана шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін табиғи ұнтақ кофенің пайдасы мол.

1. Жаңа алған сыпыртқыны ұзақ қолданғыңыз келсе, тұз қосылған ыстық суға 2-3 сағатқа салып қойыңыз.

2. Шкафтағы жағымсыз иістен арылу үшін ол жерге табиғи ұнтақ кофе қойыңыз.

3. Ас бөлмедегі үстел сүртетін шүберектің майын тез кетіру үшін оны жумастан бұрын аздаған сірке суы қосылған жылы суға салып қойыңыз.

4. Егер қолыңызға абайсызда «Момент» желімін төгіп алсаңыз, оны маргаринмен оңай кетіруге болады. Желім төгілген жерге жағып, бірнеше минут күтсеңіз болғаны.

5. Үйіңізден жағымды иіс шығып тұрсын десеңіз, лимон қабығын бірнеше минут қайнатыңыз. Бөлмелерге хош иіс жылдам тарайды.

6. Ас бөлмедегі сүлгілердің майы тез жуылуы үшін оларды жатар алдында бір түнге айранға салып қойыңыз.

7. Пластик ыдыстарға жұққан майлы дақтарды қарапайым тіс пастасымен кетіруге болады.

8. Мыс ыдыстарды тұзбен ысып, сірке суын шашып, біраздан соң жусаңыз, жарқырап шыға келеді.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер