BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Толық емес отбасыда баланы қалай тәрбиелеу керек?

Қазіргі таңда толық емес отбасылар қатары күннен-күнге көбейіп келе жатыр. Ол ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінбегеннен, алды-артын шорқақ ойлағаннан ортада балалар көп зардап шегеді. Сол түсінбеушіліктің әсерінен балаға тәрбие беру қиынға соғып, барлық тәлім-тәрбиенің міндеттері жалғыз әкесінің немесе анасының мойына артылады. Осы заманда баланы жалғыз өсіріп жетілдіру қиын екені бәріне мәлім. Жалғыз басты ана атану немесе жалғыз басты әке атану өкінішті жағдайлардың бірі, ол тағдыр.

Ендеше құрбы-құрдастарымызға көмек ретінде психологиялық кеңестерімізді ұсынамыз:

1.Анасы сіз өзіңізді жалғызбын деп ойламаңыз. Бұл заманда баланы жалғыз өсіріп жатқан жалғыз сіз ғана емес. Балаңыздың қасындағы достарының әкесі бар балаларға қарап, балаңызды аяп, көңіліңіз түсуі қалыпты жағдай. Ондай жағдайда өзіңізді сабырлы ұстаңыз.

2.Балаңызды еркін, болашағы жарқын етіп тәрбилеңіз. Ол сіздің қолыңыздан келеді.

3.Жалғыз басты аналардың немесе әкелердің жиі жіберетін қателіктерінің бірі – балаға әке де, шеше де болады. Ол дұрыс емес. Бұл баланың отбасылық сеніміне сызат келтіреді. Балаға жақсы ана болыңыз немесе ақылын айтатын әке болыңыз.

4.Бірге тұрып жатқан ерлі-зайыптылар бірін-бірі түсінбей бақытты қыла алмайды. Өздері бақытсыз жандар ешкімге бақыт сыйлай алмайды. Өз баласы болса да.

5. Әке - бала үшін биік шыңырау. Әкесін өзіңізден биік қойыңыз. Әкесі туралы жаман сөздер айтпаңыз. Егерде әкесі туралы теріс пікірлер айтсаңыз ұл балалар болашақта өмірде өз орнын таба алмайды, ал қыз балалар ер азаматқа сенбейтін, жек көрушілік қасиеттері пайда болады. Әрқашан шындықты айтыңыз.

6.Баланы жалғыз тәрбиелеу оңай емес. Жақын адамдарыңыздың көмегінен бас тартпаңыз.

7. Балаңыздың әкесі жоқ деп шамадан тыс еркелетіп, қалағанын орындай бермеңіз. Болашақта ол бала сізге рахмет айтудың орнына өзімшіл болады.

8.Балаға неге жалғыз әкесіз тұрып жатқанын жәймен түсіндіріңіз. Түсіндіріп айтпасаңыз болашақта сізді кінәлайтын болады.

9. Балаңызға мейірім-шапағатыңызды аямаңыз. Жасында мейірімді отбасында болған бала болашақта жақсы азамат болады.

10. Сіз анасыз алайда отбасындағы қиыншылықтарды өз балаңыздан көрмеңіз, өштеспеңіз. Баладан өш алу сізге ешқандай да пайда әкелмейді. Сіздің олай істеуге қақыңыз да жоқ, олай жасасаңыз сіз аналық махаббаттыңды жоғалтасыз. Сонымен бірге өзіңізді жоғалтасыз.

11. Балаңызға айғайлап жүрегіне ауыр тиетін сөздерді айтушы болмаңыз. Болашақта кекшіл, дөрекі болады.

12. Балаңызға дұрыс көңіл бөліп, ойымен кеңесіп, өз ақылыңызды бере отырып түсіндірсеңіз балаңыз сізді тыңдайтын болады.

13.Балаңызға сенім артыңыз, күдіктенбеңіз, балаңызға сенбей қысым жасай берсеңіз болашақта өтірік айтып, айлакер болады

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер