BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тершеңдіктен қалай құтылуға болады?

Астана. 16 сәуір. Baq.kz – Денеден тердің бөлінуі – адам ағзасында жүзеге асатын маңызды функция. Бойымызда артық сұйықтық болғандықтан, оның сыртқа шығуы – заңдылық. Бірақ, дененің кейбір бөліктерінің жиі терлеуі ыңғайсыз жағдай туғызып жатады. Атап айтқанда, жағымсыз иіс бөлініп, одан құтылу мұңға айналады. 

Ал, артық тердің шығуы жайсыздық қана емес, ол денсаулықта бір ақаудың бар екенін білдіреді. Мұндай жағдай көбіне жуйкесi бұзылған немесе туберкулезбен ауырған адамдарда жиі кездеседі. Ал, дені сау адам тек ауыр жұмыс iстегенде және ыстықтаған кезде ғана терлейтіні белгілі. Сондай-ақ, тершең болу киімге де байланысты. Дәрігерлер синтетикалық әрі тар киімдерді кимеуге кеңес береді. Ендеше назарларыңызға тершеңдіктен құтылудың халықтық тәсілін ұсынамыз.

Бұл ретте жалбыздың пайдасы көп. Ол үшін бір уыс жалбызды бір литр суда қайнатып, суытып аламыз. Дайын болған сұйықтықты күнде жатар алдын қолтықты тазартып, тұнбамен шаямыз. Күнделікті 1 ай бойына жалғасқан емдік шара өз нәтижесін береді. Уақыт өткен соң қолтық асты терлемейтін, иістенбейтін болады. Егер мүмкін болса әр екі айда бір аптадан қайталап тұрсаңыз артықтық етпейді. Жалбыздың қарапайым дәріханаларда сатылатынын айта кетейік.

Сонымен қатар, қолтықтың тершендігін басу үшін 1 шай қасық емен қабығына (кора дуба) бір стакан қайнаған су құйып, лимон сөлін қосу керек. Осы тұнбаны мақтаға батырып алып, қолтықты сонымен сүртіп жүрсеңіз тершеңдікті бірте-бірте бәсеңдетеді. Сонымен қатар, жиі терлейтін қолтықты ас содасы қосылған жылы сумен сүртіп немесе жуып жүріңіз. Тердің бөлінуі едәуір азаяды.

Сондай-ақ, тершеңдіктен арылуда дәрігермен ақылдаса отырып жалпы ағза иммунитетін күшейтетін дәрі-дәрмектермен қатар микроэлементтерге бай дәрумендерді үзбей пайдаланып тұру керек. 

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер