BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Теледидар баланың салмағына кері әсер етеді

Астана. 14 сәуір. Baq.kz – Бүгінде бүкіл әлем семіздік дертімен бетпе-бет келіп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, алдағы 10-15 жылда бұл індет ғасыр ауруына айналуы мүмкін. Әсіресе, қазір 5-10 жас аралығындағы балалардың артық салмақ қосуы Батыс елдерінің үлкен басауруына айналды. Бұл дерттің себебі көп. Ғалымдар сол көп себептің бірін теледидар мен өзге де медиа-құрылғылардың әсері деп біледі.

Жуырда жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, теледидар мен компьютерлік ойындар алдында уақытын көп өткізген балалар өзге қатарластарынан қарағанда артық салмақ қосқан. Бұл зерттеу 7 жастан асқан сәбилер арасында жүргізілгендігін айта кету керек. Осылайша, бүлдіршін кезінде ата-ананың бақылауы аз болған балалар өсе келе тез салмақ қосып, семіздік ауруына жиі шалдығады екен.

Ғалымдар мұндай олқылықты болдырмау үшін төмендегідей ақыл-кеңестерін айтып отыр:

- Балалар бөлмесін кең етіп, онда электронды құрылғылардың болмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ, бала тамақ ішіп отырған кезде теледидар қарамауы аса маңызды. Баланың бөлмесіне теледидар қоюдың да қажеті жоқ.

- Бала күніне 2 сағаттан артық теледидар көрмеуі тиіс. Мейлі ол кішкентай бала болсын, мейлі жеткіншек болсын монитор алдында 2 сағаттан артық өткізген уақыты болашақта оның денсаулығына үлкен залалын тигізуі мүмкін. Ата-ана баласының күн тәртібіне ерінбей мән беріп, оның уақытының көп бөлігін таза ауада өткізгенін қадағалауы керек.

- Ата-ана 2 жасқа толмаған баланың теледидарға телміруіне жол бермеуі тиіс. Өйткені, сәби адаммен сөйлесіп, ата-ананың жылулығын сезінгені абзал. Оның табиғаты да соны қалайды. Бұл жас баланың миы ақпаратты тез сіңіретін кезі. Сондықтан, балаңыздың күн тәртібін оның сәби кезіннен-ақ қадағалағаныңыз жөн. 

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер