BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сіздің сүйікті түсіңіз сіз туралы сыр шертеді

Астана. 8 сәуір. Baq.kz – Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін түстердің адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәлімет беріп тұрады дейді зерттеуді жүргізген мамандар. 

Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, өзге де ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап-ақ байқауға болады екен.

Ғалымдардың айтуынша, адам неғұрлым ашық түс кисе, оның көңіл-күйі де соғұрлым көтеріңкі болады. Бұл жайында швейцариялық ғалым Макс Люшердің жасаған зерттеуінен көре аламыз. Ол өзінің қоластында жұмыс істеген адамдардың қандай екендігін тексерген.

Люшердің айтуынша, егер адамды жақын танығың келсе, түстерді көрсет. Мәселен, адам қызыл түсті таңдаса, ол физикалық тұрғыдан күшті адам, өмірге деген құлшынысы жоғары, шапшаң қозғалатын, жауапкершілігі мол, бойында күш-қуаты көп адам.

Ал, егер де сары түсті таңдаса, мұндай адамдар әдетте қиялшыл болып келеді. Ойындағысын айта білетін және өз дегенімен жүретін және өзгерісті жиі қалап тұрады. Бұл түсті таңдаған адамға тұрақсыздық тән.

Жасыл түсті таңдаса, мұндай адам көбіне пысық және әр іске жауапкершілігі жоғары. Сондай-ақ, бұл адамдар қатарына алдағы күніне жоспар құра білген, өзіне деген сенімі жоғары адамдарды жатқызамыз. Сонымен қатар, бұл түс тәкәппарлықтың да нышаны.

Ал, көк түсті таңдаған адамдар күндерінің бір сыдырғы болуын қалайтындар. Қоңыр түсті таңдаған адам өмірде жолы болмаған адам деп есептейді Люшер. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер