BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сымбат пен денсаулыққа пайдалы 10 тағам

Астана. 21 сәуір. Baq.kz – Әрдайым сымбатты көрініп, денсаулығым мықты болсын десеңіз, ас мәзіріңізге пайдалы 10 тағамды енгізіңіз.

1. Сүт
Адамзат баласы дүниеге келген кезде әуелі ана сүтін қорек ететіні белгілі. Ана сүті өмірге келген жас сәбидің дамып, өсуіне ықпал етеді. Себебі, оның құрамында балаға қажетті элементтердің бәрі бар. Сүт құрамындағы ақуыз тырнақ пен шаш өсімін жақсартып, сүйектердің қатайып, мықты болуына әсер етеді. Дәрігерлердің айтуынша, күнделікті майлылығы төмен сүт өнімдерін пайдалану ас қорыту жүйесін жақсартады екен.

2. Айран
Сүтте бар элементтер айранның да құрамында бар. Сондай-ақ, айран ағзадағы зат алмасу жүйесін жылдамдатады. Артық салмақтан арылуды көздейтін жандар күніне 1 стақан айран ішсе, діттеген мақсатына жетеді дейді дәрігерлер. Диетолог-мамандардың айтуынша, айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.

3.Кептірілген өрік.
Калий, магний, темір және фосфор балғын өрікке қарағанда кептірілген өріктің құрамында өте көп. Кептірілген өрікті қаназдықта, көздің көру қабілеті нашарлағанда, жүрек ауруларына нығайтушы құрал ретінде қолданады. Ол қан тамырларының бекітіліп қалуын болдырмайды және қатты ісіктерді жұмсартады, терінің жұмысын жақсартады.

4. Балық
Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элемент бар. Ондағы антиоксиданттар қимыл-қозғалыс координациясын жақсартып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

5. Көкөністер
Сәбіз, орамжапырақ, қызылша құрамында көз көруін жақсартып, теріні қалыпқа келтіретін бета-каротин бар. Бета-каротин кәрілікті тежеп, асқазан жұмысын жақсартады. Көкөністер анемия, авитаминоз, бүйрек пен бауыр ауруларының алдын алып, оларға қарсы тұра алады.

6. Киви, ананас және цитрус жемістері
Бұл жемістердің құрамында С дәрумені бар. Ағзадағы зат алмасу жүйесін жақсартып, стресс пен депрессиядан сақтайды. Көңіл-күйді көтеріп, иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, жемістер артық салмақтан арылуға жол ашады.

7. Шие
Ағзаға пайдалы тәтті жидек құрамында иммунитетті күшейтетін каротин мен С дәрумені бар. Каротин ағзадағы зиянды қалдықтардың сыртқа шығуына ықпал етеді. Ал С дәрумені өкпе, бүйрек, анемия ауруларының алдын алады.

8. Асқабақ
Құрамындағы калий, кальций, магний, темір, мырыш, С дәрумені, ақуыз, бета-каротин сияқты элементтердің арқасында асқабақ онкологиялық аурулардың алдын алады. Шаш, тырнақ өсімін жақсартып, теріні тазартып, қатайтады. Ағзадағы зиянды қалдықтарды шығарып, артық салмақтан арылуға ықпал етеді.

9. Жаңғақтар.
Күніне 100 грамм жаңғақ жеп тұрсаңыз, қанның құрамындағы холестериннің деңгейі төмендейді. Кедр жаңғағының құрамында холестеринді май бар. Жүрекке пайдалы жаңғақтардың бірі – бадам.

10. Қара шоколад.
Антиоксиданттарға бай болғандықтан, қара шоколад та пайдалы тағамдар қатарында. Қызығы сол, шоколад неғұрлым қара болса, оның ағзаға тигізер пайдасы да соғұрлым көп. Тағы бір жайт, шоколад құрамында мұқияттылықты арттыра түсетін кофеин де бар. 

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер