BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шаш бояуы қатерлі ісікке алып келуі мүмкін

Астана. 21 сәуір. Baq.kz – Бір қарағанда зиянсыз көрінетін қарапайым шаш бояуының да адам денсаулығына қауіпті екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Бұған дейін шетелді айтпағанда, Қазақстанның өзінде осындай бояулардың салдарынан басы күйіп, шашынан айрылып қалған жандар туралы естігенбіз. Ғалымдар болса "шаш күю түк емес, бояуды дұрыс қолданбаса адам қатерлі ісік ауруларына шалдығуы әбден мүмкін" дегенді айтып отыр.

Зерттеу жүргізген мамандардың айтуынша, барлық шаш бояуларының құрамында кездесетін "екінші реттік аминдер" деп аталатын химиялық заттар шашқа және бастың терісіне сіңеді. Сөйтіп, уақыт өте келе "екінші реттік аминдер" түтінді газдармен әрекеттесіп, оның нәтижесінде өте улы химиялық заттар түзіледі. Осы улы органикалық байланыстар канцерогендi әрекетке ие болып, мутагенді қасиеттерді туындатады. Ал, сол улы заттар рак ауруын тудырып, бауырдың жұмыс жасауына кері әсерін тигізеді. Мұндай зиянды заттар үйде боялатын арнайы бояғыштар мен әсемдік салондарындағы бояғыштарда кездеседі.

Аталған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 50 пайызынан көбі қатерлі ісік ауруларына шалдығады екен. Сонымен қатар, шаштарын бояйтын көптеген қыз-келіншектер түрлі аллергиялық аурулар, бас ауруы, лейкемия ауруы мен шаштың түсіп қалуына душар болады. Сондай-ақ, шаш түсуге күйзеліс, дұрыс тамақтанбау, қандағы темір деңгейінің төмендігі, гормондық үйлесімсіздік, тұқымқуалағыштық сынды факторлардың әсер етуі де әбден мүмкін. 

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер