BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Салық есептілігін дұрыс тапсырмаса қанша айыппұл салынады?


Астана. 15 мамыр. Baq.kz-Бақтыгүл Шажанбаева ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаевтың атына сауал жолдайды:
«Менің сұрағым төмендегіше, 870.00 салық есептілігін өткізу кезінде салық кезеңін дұрыс көрсетпеппін. Бұл Салық кодексі бойынша салық есептілігі табыс етілмеген болып есептеледі. Осы есептілікті қайта жөндеуіме бола ма және бұған ешқандай әкімшілік шара қолданбай ма?»


Әнуар Серқұлұлы бұл сауалға былай деп жауап берген:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 584 бабының 5 тармағының 4 тармақшасына сәйкес салық кезеңі көрсетілмесе салық нысаны табыс етілмеген деп есептеледі.
Егер салық кезеңі дұрыс көрсетілмеген болса Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 69 бабының 3 тармағының 3-2) тармақшасына сәйкес салық есептілігін өзгерту әдісімен кері қайтарып алуға болады.
Аталған нысанды ағымдағы салық кезеңі үшін тапсырған болсаңыз ешбір әкімшілік шара қолданылмайды.
Егер, өткен салық кезеңдері үшін табыс етсеңіз және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 584 бабының 5 тармағының 4 тармақшасына сәйкес салық есептілігі табыс етілмеген болса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 206 бабының 1 тармағына сәйкес ескерту жасауға әкеп соғады.
Сондай-ақ, осы баптың 1-1 тармағына сәйкес бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - жеке тұлғаларға - он бес, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер