BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Пістенің пайдасы мен зияны

Астана. 9 сәуір. Baq.kz – Бос уақытта пісте шағып, уақыт өлтірмеген адам кемде-кем. Бірақ, біз оның денсаулыққа пайдасы мен зияны жайлы көп біле бермейміз. Кішкентай кезімізде үлкендер «пістені көп шақсаң соқыршек боласың» немесе «тамағың ауырады» деген тыйымдарымен қорқытатын. Ал, расында да пісте адам ағзасына қалай әсер етеді, сол жайында аз-кем ақпарат берейік. 

Пайдалы тұстары:
Пістеден май жасайтынын бәріміз білеміз. Дегенмен, оның өзге де пайдалы тұстары бар. Пістенің дәні кальций мен магнийге бай. Сондай-ақ, оның құрамында B, A, E және Д дәрумендері бар. Олар тері мен шашқа өте пайдалы.
Мүмкіндігінше пістенің дәнін табиғи күйінде, яғни өсіп тұрған жерінен собығын жұлып алып, дәнін теріп-шағып жеу керек. Ал, тазалау мен сұрыптаудан өткен пісте өзінің пайдалы дәрумендерінің біраз бөлігінен айрылып қалады.
Ғалымдардың айтуынша, әлемдегі әрбір үшінші адамның ағзасында май ерітетін дәрумендер жеткіліксіз. Соның салдарынан әлемде семіздік дерті тез тарап барады. Ал, пісте болса дәл сондай дәрумендерге бай. Сондай-ақ, ол ағзаның ерте қартаюынан да сақтайды.
Пісте әсіресе, артық салмақтан арылу үшін диета ұстайтын жандарға пайдалы. Қарын қатты ашқан кезде аз ғана пісте дәнімен қоректеніп алсаңыз ол ұзаққа дейін асқазанды тоқ ұстайды. Оның құрамындағы май мен ақуыз кәдімгі тамақ іспетті.
Қуырылмаған пістенің дәнінде адам ағзасына ең керекті элементтер – йод пен темір және магний бар. Олар жүректің жұмысын жақсартып, тамырларды шлактан тазартады.
Сонымен қатар, пісте жүйкені тыныштандыратын керемет құрал. Оны темекі орнына пайдаланған абзал дейді дәрігерлер.

Зиянды тұстары:
100 грамм пісте құрамындағы колория бір плитка шоколадтағы немесе бір кесе тамақтағы колориямен тең. Сондықтан пістені семіздікке шалдыққан адамдарға барынша аз пайдаланған жөн. Сондай-ақ, пістені қуырған кезде оның құрамындағы пайдалы майлар мен дәрумендер өзгеріске ұшырап, зиянды заттарға айналады. Ал, жол бойында өсіп тұрған күнбағыс көліктерден бөлініп шыққан токсинді газдарды өзіне тез сіңіріп алады.
Әншілер мен ел алдында жиі сөйлейтін адамдар пісте шағудан бас тартқаны абзал. Өйткені, оның құрамындағы майлар дыбыс шығару жолдарын бітеп тастайды.

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер