BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын қауымның табысы қандай?


Астана.24 мамыр. Baq.kz - Baq.kz ақпараттық порталының поштасына Қуаныш Жұмадилдинов деген азаматтан «Республикада өзін-өзі жұмыспен қамтитын 2,6 млн. адамның орташа табыс көлемі қандай?» деген сауал келіп түсті. Біз, өз кезегімізде бұл сұрақты ҚР Статистика Агенттігіне жолдаған едік.

Төменде Агенттік департаментінің директоры Е. Евстафьевтен төмендегідей мазмұнда жауап келді:
ҚР Статистика агенттігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы №3 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өз бетінше жұмыспен қамтылғандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесіне сәйкес 2013 жылдың 1 тоқсанында үй шаруашылығын іріктемелі зерттеу қорытындысы бойынша 2,6 млн. өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың ішіндегі жиынтық кірістердің деңгейі:
адам
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, барлығы 2 634 753
1)     0 (табыстың болмауы) 1 110 адам
2)    1-ден 1 ЕТКД-ге дейін 579 698 адам
3)    1 ЕТКД-ден 2 ЕТКД-ге дейін 739 670 адам
4)    2 ЕТКД-ден 60 000 теңгеге дейін 833 692 адам
5)    60 001-ден 80 000 теңгеге дейін 271 143 адам
6)    80 001-ден 100 000 теңгеге дейін 93 562 адам
7)    100 001-ден 150 000 теңгеге дейін 53 747 адам
8)    150 001-ден 200 000 теңгеге дейін 16 684 адам
9)    200 001-ден 250 000 теңгеге дейін 6 820 адам
10)  250 001-ден 300 000 теңгеге дейін 3 968 адам
11)  300 001-ден 400 000 теңгеге дейін 34 350 адам
12)  400 001-ден 500 000 теңгеге дейін -
13)  500 000 теңгеден жоғары 309 адам

ЕТКД – ең төменгі күнкөріс деңгейі.
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны, олардың орташа айлық табыстарының деңгейi бойынша толық ақпарат «Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары» (№13, 3, 4 бөлімдер) бюллетенінде, www.stat.gov.kz сайтында «Жарияланымдар», «Бюллетендер», 12 серия «Халықты жұмыспен қамту және еңбекақы төлеу» бөлімінде орналастырылған.

Редакциядан: Сонда, жоғарыдағы кесте бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2 634 753 республика тұрғындарының 2 518 875-нің (96 %) табысы орташа жалақыдан төмен. ҚР Статистика агенттігінің дерегі бойынша үстіміздегі жылдың 1-қаңтарында республика тұрғындарының орташа жалақысы 105 мың теңге деп белгіленген.
Дәулетқали Асауов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер