BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өрт сөндіру қалқанына қандай талаптар қойылады?


Астана. 13 мамыр. Baq.kz-Позһар есімді азамат ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божкоға сұрау салыпты:
«Сіздерден бұдан бұрында Өрт сөндіру қалқаны (пожарный щит) туралы сұрап жазған едім, әлі күнге дейін жауап бермей отырсыздар. Егер министрлікте отырған сіздер осындай қарапайым сұрақтарға жауап бере алмайтын болсаңыздар, онда мына облыстардағы қызметкерлеріңіз бен мамандарыңыздан қандай нәтиже күтуге болады? Меніңше мұндай сұрақтарға нағыз мамандар 3 күннен аспайтын уақытта жауап беру керек, ал заң бойынша 15 жұмыс күн ішінде. Өздеріңіз қадағалап, бақылап, күресіп жүрген "ЖЕМҚОРЛЫҚ" -деген осындай немқұрайлықтан басталады. Мен АШЫНҒАНДЫҚТАН, КҮЙІНГЕНДІКТЕН осылай ұрысып, кейіп жазып отырмын, ол үшін кешірерсіздер. Себебі жауабы жылдам болар деп ойлағанмын, ал сіздерден жауап жоқ. Заңмен істеп, заңмен жүргіміз-ақ келеді, бірақ ол үшін талаптарды білуіміз керек ғой, әйтпесе сіздерден сұрап неміз бар.
СҰРАҚ:
1. Өрт сөндіру қалқандарының типтеріне байланысты көлемдері (размеры) қандай болуы шарт?
2. Өрт сөндіру қалқандарын жасағанда, олардың материалдарына қойылатын талаптар бар ма?
3. Өрт сөндіру қалқандарына қойылатын талаптар туралы, ҚР Үкіметінің 16.01.2009 ж №14, 16 қаулыларымен бекітілген тех.реглементтерді және 2012 жылы желтоқсанда бекітілген Ережені қоспағанда, басқадай мемлекеттік стандарттар бар ма?»

 

ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың жауабы:
«Өрт қалқандарын механикаландырылмаған аспаптармен және өрт құрал-жабдығымен жабдықтау нормалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентімен реттелген».

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер