BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өндірістік қауіпсіздік бойынша оқу бағдарламасын кім жазады?

Арман деген азамат (өкінішке орай мекен-жайын көрсетпеген) ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божкоға хат жазып, төмендегідей сұрақ қояды: Менің сұрағым мынандай: инженерлік-техникалық сала мамандары мен басқа жұмысшыларды өнеркәсіптік техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша оқыту бағдарламасының айырмашылығы бар ма? Біздің ұйымда ондай айырмашылық жоқ. Өйткені өндіруші оператор мен қоймашыны техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша оқыту бағдарламасы екі бөлек болуы тиіс қой. Мәселен, қоймашыға мұнай және газ қойнауларын өндіру және пайдалану жөніндегі қауіпсіздік ережесінің керегі қанша?


Бұл сұраққа ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божко былай деп жауап беріпті: ҚР «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңының 12 бап 1 тармағына сәйкес қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жұмыскерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлануы, біліктілігін арттыру мәселелері қауіпті өндірістік объектілердің иелерінің өз құзырына қалдырылады. Осыған орай еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту бағдарламасын сіздің ұйымның басшылығы өзі қалыптастырады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер