BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

М.Цукерберг: Неғұрлым көп адам өз арманын жүзеге асырса, әлем соғұрлым жақсара түседі

Facebook компаниясының негізін қалаушы, миллиардер Марк Цукерберг биылғы жылдың Маусым айында Гарвард Университетінің арнайы шақыруымен Университеттің бітіру рәсімінде сөз сөйледі. Сөйлеген сөзінде ол тек Гарвард бітірушілерімен емес, әлемдегі барлық жастармен ой толғанарлық кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.kz.

33 жастағы Бас Атқарушы Директор яғни CEO әлемдегі ауқаттылар тізімінде 63,3 миллиард долларлық дәулетімен алтыншы орынды еншілейді.12 жыл бұрын дәл осы Гарвард университетінің қабырғасында оқып жүрген кезінде ол, Гарвард университетінің оқушыларын онлайн ортада байланыстыру мақсатында The Facebook жобасын бастаған еді.

Бүгінгі таңда Facebook 44,6 миллиард доллар нарығы бар ірі әлемдік компания. Жобасын ары қарай дамыту барысында университетті тамамдамай шығып кеткен Марк, 33 жасында қайта оралып Докторлық лауазымға ие болды.

Әрине 21 жасында бастаған кішкентай жобасының бүгінгідей орасан табысқа жетуі оңай соқпаған болар жас кәсіпкерге, дегенмен ол бұл жолдағы мақсатында жетістікке жетті десек қателеспеспіз. Жас кәсіпкер Гарвард университетінің бітіру рәсімінде көбінесе жастардың өмірдегі өзіндік мақсаттарын табулары керек екендігіне назар аударды.

2015 жылында әйелі Прискилла Чан екеуі бастатқан қайрымдылық ұйымына; осы ғасырдың соңына дейін әлемдегі барлық аурулармен күресу мақсатында өз қаражаттарынан 3 миллиард доллар бөлгендерін айтты.

Марктың жастардың құлағына алтын сырға боларлық маңызы бар ақыл кеңестері төмендегідей.

  • Әр бір адам әлемдік деңгейде адамзатқа шынайы бақыт әкелетін бір мақсаттың бөлігі болғанды қалауы керек.
  • Идеалистик болған жақсы бірақ сізді теріс түсініп, қолдау көрсетпейтіндер де кездесетін болады.
  • Өзінен үлкен мақсатқа, адамзатқа қызмет еткен, ететін, етейін деген әр бір адам сынға ұшырайтыны сөзсіз.
  • Қазіргі қоғамда біз қателіктерден қорққанымыздан үлкен іс әрекеттер жасаудан қашамыз. Шындап келгенде іс әрекет жасамау нағыз коғамды апатқа апарып соғатынын естен шығарамыз.
  • Әрбір жақсы ниетпен жасаған ісіміздің жемісі келешекте алдымыздан шығады. Біріміз бірімізге қол созып, көмектесу үшін уақыт бөле аламыз, әркімге өз мақсатына ұмтылу еркіндігін берейік және сол жолда демеу көрсетейік, себебі неғұрлым көп адамдар өз армандарын жүзеге асырса әлем соғұрлым жақсара түседі.
  • Жақсы өзгерістер жергілікті деңгейден басталады. Тіптен жаһандық өзгерістердің өзі біз сияқты жеке тұлғалардан басталады. Әлемді жақсы өзгерістерге жетелейтін мақсат, алғашында толық қалыптасқан күйде ойға келмес, сіз сол бағытта жұмыс істей бастағанда ғана айқын болады, ең бастысы бастай білу қажет.
  • Осы замандағы жастардың ең маңызды жауапкершілігі өмірде өзіндік мақсатын табу және жер бетіндегі әр бір адамның мақсатын табуына көмектесу.

alghayat.blogspot.com


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер