BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Миллиардерден 10 кеңес

Карлос Слим Элу әлемдегі атақты миллиардерлер қатарына жатады. Ол байлығы асып-тасып жатса да, салауатты өмір салтын ұстанады. Мексика магнаты өзіне аптасына 24 мың доллардан артық ақша жұмсауға жол бермейді екен. Айтқан кеңесінен керегін алып, қажетсізін тастаңыз.

  • Бірнәрсені ойыма алсам, оны орындап болғанша асығамын.
  • Ескі кәсіптер көнерген күйінде қалып қояды деп ойлайтындар қателеседі. Ол, керісінше, жаңа қарқындау дәуірінің бір бөлшегі болады.
  • Дағдарыс кезінде барлығы активтерден құтылуға тырысты, оны мен сатып алдым.
  • Уақытымның көп бөлігін жаңа технологияны игеруге жұмсаймын. Әлемде не болып жатқанын біліп, одан қалай ақша жасауға болатынын меңгеруім керек.
  • Кәсіп – чемпионат емес. Бәсекелесті басып озуды көздегенше, өз мүмкіндіктеріңізді арттыруды басты назарға алыңыз.
  • Байлық байлықты туғызуы керек. Түскен ақшаны инвестицияға салып, кірісті бөлудің себебі осы.
  • Кедейлік – өсуге арналған ең жақсы ұғым. Әлемді кедейліктен алып шығу – менің өмірлік инвестициям.
  • Жауапкершілік пен ымыраға келу – сәтті кәсіптің басты қарулары.
  • Менің көздегенім – ақша емес. Мен тату-тәтті ұжымның компаниясы алға басуын және таным көкжиегімді кеңейтуді қалаймын.
  • Егер өзгелердің пікіріне жаутаңдап жүрсеңіз, сіз – тірі өліксіз. Мен қалған өмірімді артымда қалған адамдар мен туралы не айтады екен деген уайыммен өткізгім келмейді.

massaget.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
22 Қараша 2017, 21:37
Мұхтар ШЕРІМ. АЙТПАЙМЫН!
Пікірлер