BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мамандар шайды ыстықтай ішпеуге кеңес береді

Астана. 5 мамыр. Baq.kz - Шай құрамындағы заттардың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы немесе зиян екені бұған дейін аз айтылған жоқ. Оны көпшілік жақсы біледі. Ал, шайды ыстықтай ішуді жақсы көретіндерге британдық ғалымдар бұл әдеттен арылу керектігін айтып отыр.  

Осылайша, бір кесе ыстық шай немесе кофе қан тамырларының кеңеюіне әкеліп, оларды әлсіздендіріп, ары қарай қан айналым жүйесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан, мамандар шайді суытып ішуге кеңес беріп отыр.

Оның үстіне, ыстық шайды жиі ішкеннен кеңірдек пен ас жолы және асқазан күйіп, соңы қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Температурасы 62 градустан жоғары шай асқазанды бұзады дейді зерттеу жүргізген ғалымдар. Сондықтан, шайдың температурасы 56 градустан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, аталған сусынды дайындауға да көңіл бөлген жөн. Алдымен суды ұзақ қайнату керек. Болмаса шайдың фенолы, эфирлік компоненттері қышқылданады, шай тұнықтығынан, дәмінің сапасы мен хош иісінен айрылады. Сонымен қатар, шайды бірнеше рет қайнатып ішуге мүлдем болмайды. Әдетте, оны қайнатқаннан кейін жапырақтарындағы пайдалы заттардың 50 пайызы, екінші қайнатқанда 30 пайызы ғана қалады. Осылайша, оның құрамындағы пайдалы элементтер біртіндеп азайып, бірнеше рет қайнатқанда ондағы зиянды заттар көбейе түседі.

Айта кету керек, 2009 жылы ирандық ғалымдардан құралған топ елдің бір ауылында тұратын тұрғындарды зерттеуден өткізді. Мұндағы халықтың көпшілігі өңештің қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Зерттеу барысында белгілі болғаны, науқастардың барлығы дерлік шайды өте ыстық қылып ішуді әдетке айналдырған. Мұнан кейін ғалымдар ыстық сусындар мен тағамдардың рактың қаупін 8 есеге дейін арттыратынын анықтады.

 

Әзірлеген Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер