BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Лимонды төсегіңіздің қасына қойсаңыз не болады?

С дәруменіне бай лимонның өзі ғана емес, аңқыған хош иісі де көп нәрсеге пайдалы екен.

Сонымен, лимон иісінің пайдасы төмендегідей:

Бұлшық еттеріңіз босаңсып, рахаттанып ұйықтайсыз

Цитрус тұқымдастардың хош иісі жүйке жүйеңізді тыныштандырып, мазасыздықты төмендетеді, көңіліңіз сергіп қалады. Егер үйіңізде хош иісті май болмаса, лимонның бір тілімін керуетіңіздің қасына қойсаңыз жетіп жатыр.

Зейініңіз бен ойлау қабілетіңіз жақсарады

Лимонның тағы бір тамаша қасиеті бар. Егер күн сайын оның иісін иіскеп жүрсеңіз, есте сақтау мен ойлау қабілетіңіз жақсара түседі. Кеңседе лимонның иісі шығып тұрса, қызметкерлер аз қателеседі екен. Жапон ғалымдары осындай пайымға келген.

Көңіл-күйіңіз көтеріледі

Лимонның эфир майы – депрессияға қарсы таптырмас дәрі. Сондықтан егер көңіл-күйіңіз болмай, жабығып жүрсеңіз, лимон сізге көмекке келеді.

Ауа микробтардан тазарады

Лимонның хош иісі бактерицидтік қасиеттерге де ие. Ол бөлмедегі ауаны тазартады.

Артериялық қысымды төмендетеді

Көп адамдар гипертониямен ауырады. Лимон мұндай жағдайда да көмектеседі. Бұл жемістің иісі артериялық қысымды төмендетеді.

Құрт-құмырсқа мазаңызды алмайды

Лимон иісі аңқып тұрған үйге құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей жоламайды екен. Олардан құтылу үшін химиялық репелленттер сатып алудың да қажеті жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер