BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Күн сәулесінің аздығы рак пен жүрек ауруын тудырады

Астана. 29 сәуір. Baq.kz – Адамға күн сәулесінің жетіспеуі жүрек аурулары мен қатерлі ісікті тудыруы мүмкін. Күн сайын әрбір оныншы адам осылайша өз денсаулығын қатерге тігеді. 

Кембридж университетінің ғалымдары анықтағандай, ағзасында D дәрумені жеткілікті адамдар қатерлі ауруларға аз шалдығады екен. Ғалымдардың жүргізген зерттеуіне жасы 42 мен 82 арасындағы 14641 адам қатысқан. Оның нәтижесінде белгілі болғандай, аталған дәрумені аз адамдарда сыну, қант диабеті, жүрек аурулары және рак сынды дертке шалдығу қаупі еселеп артады екен. Бүгінгі адамдардың көпшілігі уақытын ғимарат ішінде өткізгендіктен олардың бойында D дәрумені аз. Өйткені, бұл дәрумен адамға күн көзі арқылы келеді дейді мамандар. Нақтысын айтқанда, денеге күннің көзі түсісімен жасушаларда түрлі реакциялар жүреді. Солардың нәтижесінде D дәрумені пайда болады.

Сондықтан, қандай қызметте жұмыс істемесе де адам баласы күніне бірнеше минутын, тіпті, сағатын күн көзінде өткізу керек. Ал, қысқы уақытта күніне 20 минут далаға шықса жетіп жатыр дейді ғалымдар. Сондай-ақ, қыста аптасына 2-3 рет майлы балықтан ас әзірлеп немесе ағарған ішкен абзал. Олардың құрамында кальций элементі көп. Ал, кальция сүйекті қатайтып, ағзаның төзімділігін қамтамасыз етеді. 

 

Әзірлеген Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер