BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қол не үшін қалтырайды?

Астана. 8 сәуір. Baq.kz – Қазақта «Жиенді ұрма, қолың қалтырайды» деген сөз бар. Бұл нақылдың қаншалықты рас екенін әрине, ғылым дәлелдеп шыққан жоқ. Бірақ, ғалымдар әлі күнге дейін бұл дерттің нақты емін таба алмай келеді. Қарапайым адамдар қолдың қалтырауына ең әуелі алкогольді ішімдіктер кінәлі деп ойлайы мүмкін. Дегенмен, ең басты себеп – жүйке жүйесінің бұзылуы.

Бұл дерт алғаш белгі бере бастағаннан дәрігерге бармасаңыз өміріңіздің соңына дейін қалтырап өтуіңіз мүкін. Сондықтан дәрігердің ақыл-кеңесіне ден қойып, айтқанын екі етпей жасау абзал. Ендеше, не істеу керек дейсіз ғой? Айтайық...

- Егер жүйкеңіз тозып, қолыңыз дірілдей бастаса дереу сабырға келгеніңіз жөн. Қандай жағдай болмасын, салмақты болып, байсалдылық таныту керек. Проблеманы уақытша ұмытып, көңіліңізді басқа жаққа аударыңыз;

- Адам миы шаршаған кезде де қолдары дірілдеуі мүмкін. Ондай кезде табиғатқа шығып, әлде үйдің шаруаларымен айналысу қажет. Спорттық жаттығулар да мидың тынығуына үлкен көмегін тигізеді.

- Денеге ауыртпалық түскен кезде, яғни ауыр жұмыстармен айналысқан сәтте де қолдың дірілдеуі заңдылық. Мұндай сәтке назар аудармай, жұмысты жалғастыра беруге болмайды. Дереу жұмысты тоқтатып, бірнеше минутқа деиалып алған жөн. Сондай-ақ, ауыр жұмыстан кейін моншаға барып, денені демалдыру керек.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер