BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көкөністер мен жемістер суицидтен сақтайды

Жапондық ғалымдар кейбір тамақ түрлерінің адамды күйзелістен арылтатын қасиеті барын анықтапты, деп хабарлайды Baq.kz.

massaget.kz сайтының жазуынша, күнделікті тұтынатын кейбір азық-түлік түрлерінің мұндай ғажайып қасиетін Халықаралық денсаулық сақтау және медицина саласы бойынша ұлттық орталықта жұмыс істейтін жапондық ғалымдар аңғарған. Ғалымдардың тұжырымы бойынша көкөністер мен жемістер бүгінде адамзат баласының басты қасіретіне айналып бара жатқан суицидтің алдын алуға мүмкіндік береді екен.

Нақты қорытынды шығару үшін бір топ ғалым сегіз жарым жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Тәжірибе барысында 45 пен 74 жас аралығындағы 90 мың адамның тамақтану әдеті тексерілді. Нәтижесінде көкөністермен және жемістермен тамақтанған адамдардың өз-өзіне қол жұмсау қаупі басқаларына қарағанда екі есе төмен болып шыққаны байқалады. Майлы әрі тәтті тағамдарды көбірек тұтынатын қатысушылар ашуға жиі беріліп, өзіне-өзі қол жұмсау туралы жиі ойға берілетіні анықталады.

Бүгінде ғалымдар бұл құбылысқа әртүрлі көзқарас білдіріп отыр. Бір тобы көкөністер мен жемістерді ұнатпайтын адамдар созылмалы аурулармен көп ауыратындықтан, суицидке жиі баруы мүмкін десе, кейбір мамандар дәруменге бай кез-келген азық-түліктің әртүрлі күйзеліспен күресетін табиғи антидепрессанттарға толы екені бұрыннан белгілі екенін, бұған көкеністердің еш қатысы жоқ екенін айтады.

Айтпақшы, өз-өзіне қол жұмсау қаупін төмендететін тағам түріне қарапайым кофені де жатқызуға болады. Бір шыны аяқ қою кофенің адамның көңілін көтеріп, күш-қуат сыйлайтынын бәріміз де білеміз.

Бүркіт НҰРАСЫЛ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер