BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайдың жалған өнімнен жасайтын 10 тағамы

Қытайда заттарды ғана емес көптеген тамақ өнімдерін де жалған өнімдерден өндіреді. Және әлемнің көптеген елдеріндегі дүкендер қытай азық-түлігімен толып тұр. Ал сіз 690-693 штрич-коды бар тағамдарды қандай жағдай болмасын сатуға болмайтынын білесіз бе? Білмесеңіз, есіңізде болсын мұндай тағамдар резенкеден, пластмассаның қосындысынан және т.б. да химикаттардан жасалады. Төменде сіздердің назарларыңызға сондай жалған өнімнен дайындалатын 10 тағамды ұсынып отырмыз.

1.Тилапия балығы

Тилапия Қытай фермаларында өсірілетін балық. Бұл балық сіздің ауқатыңызға айналатын ең нашар, ең улы әрі зиянды балықтардың бірі. Ол үнемі тар бассейінде таза судың жетіспеушілігінде өсіріледі. Тилапияны сатып алу арқылы сіз өз өміріңізге үлкен қатер төндіресіз. Ал шын мәнісінде тилапия өсіретін қытайлық балықшылар өздері бұл балықты ешқашан тағам ретінде тұтынбайды, балаларына да осы балықты жегізбейді. ТМД аумағы мен АҚШ-та сатылатын тилапияның 80 пайызы Қытайдан жеткізіледі.

2.Нәлім (треска)

Қытай фермерлері өндіретін балықтың тағы бір түрі – нәлім. Нәлім балығы да өзінің табиғи қалдықтарын жеп өмір сүретіндіктен денсаулыққа пайдалы тағам деп айта қою қиын. Себебі мұнда да тилапия секілді шағын бассейінде өсіріледі. Ал қазіргі кезде еліміз нарығындағы нәлімнің 50 пайызы қытайдан әкелінеді.

3.Қытайда өндірілетін алма шырыны

Сенсеңіз де, сенбесеңіз де еліміздегі алма шырындарының 50 пайыздайы қытайдан тасымалданады. Бірақ қытай елі әлі күнге дейін бұл әрекетін өзі өндірген өнім орамасында көрсетпей келеді. Бұл мемлекет қазір жержүзін ластауда алдына жан салмай отыр. Өзіңіздің және бала-шағаңыздың денсаулығын ойлай отырып, орама пакеттегі алма шырынын ішпеуге кеңес береміз. Ал жалпы жеміс шырынын үй жағдайында дайындап, қан айналымы мен сусамыр сырқаттарының мөлшеріне қарай қолданған тиімді.

4.Бұқтырылған саңырауқұлақ

Жақында ғана АҚШ санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы қытайдан жеткізілген бұқтырылған саңырауқұлақты тәркіледі. Тауарларының өтімділігін арттыру үшін, тіпті кейбір консерв заводтары өз өнімдерінің сыртына «органикалық» заттаңбасын да жапсырып үлгерген. Егер сіз қытайдан әкелінетін қозықұйрықтардың қандай болатынын көргіңіз келсе, ғаламторды шолып шықсаңыз болады.

Ал мұндай саңырауқұлақтар еліміз дүкендерінің 34 пайызын иеленген. Жалпы қозықұйырық жегіңіз келсе отандық өндірушілердің өнімдеріне жүгінгендеріңіз абзал.

5.Усарымсақ (чеснок)

Усарымсақ ұзақ уақыт сақталу үшін оны өсіп тұрған уақытында нормадан артығымен химиялық қоспалармен суарады. Сол себепті бұл жағдай сарымсақтың тағамдық құндылығына кері әсерін береді. Ал елімізде сатылатын сарымсақтың 31 пайызы қытайдан әкелінген.

6.Тауық еті (гриль)

Өздеріңіз білетіндей құс тұмауы бойынша қытай әлемде көш бастап тұр. Ал сіздің ауқатыңызға айналар грильдің дәл осы ауруға шалдыққан құс емес екеніне ешкім де кепілдік бере алмайды. Және бір ескеретін жағдай тауықтар инкубаторда өсіріліп, оларға жылдам жетілетін гармональді дәрілерді көбірек беретінін де естеріңізде ұстаңыздар.

7.Пластинкалық заттардан жасалған күріш

Жалған күріш картоп пен резина өндіретін синтетикалық материалдан жасалады. Мұндай күріштер ұзақ уақыт қайнатуды талап етеді. Себебі ол қанша дегенмен резенке ғой. Және ол шынайы күрішке қарағанда қасаңдау болып «піседі». Өзбек ағайындардың «шашпа палау» дейтін тағамына таптырмайтын «өнім». Ал осындай күріш қатерлі ісік ауруна апаратын тура жол.

8.Ұнтақталған қара бұрыш

Қытайлық ұнтақталған қара бұрыш өндірушілердің оның құрамына не қосатынын сіз тіпті сезіне де алмайсыз. Сондықтан мұндай өнімді алмас бұрын ойланып алғаныңыз жөн. Тіпті оның құрамында сіздің денсаулығыңызға өте қысқа мерзім аралығында әсер ететін қауіпті қоспалар да болуы ықтимал.

9.Тұз

Өнеркәсіптік тұз жеуге жарамды тұздан өзгеше. Бірақ елімізге қытайдан әкелінетін өнеркәсіптік тұздың тағам ретінде тасымалданып жатқаны биыл ғана емес. Ол өз кезегінде физикалық әрі интелектуальдық дамуға кері әсерін берумен қатар, репродуктивті функцияның бұзылуына әкеп соғады.

10.Жасыл бұршақ

Бұл азық түрі 2005 жылдан бастап қытайда жаппай өндіріле бастады. Жалған жасыл бұршақ соядан, жасыл бояу мен натридің метабисульфитінен (химиялық қоспа) жасалынады. Аталмыш бояу түрін тағам өнімдеріне қолдануға қатаң тыйым салынған. Себебі оны тұтынған адам қатерлі ісік ауруына шалдығады және жүйке-жүйесінің бұзылуына әкеп соғады. Мұндай бұршақтар пісіру кезінде ұзақ уақытты алумен қатар, жұмсармайды және қайнатқан су жасыл түске боялып кетеді. Сондықтан қытайдан тасымалданатын жасыл бұршаққа құмартпай-ақ қойғаныңыз абзал.

Өздеріңіз де білетіндей Қытай лас өзендерімен, тұманды қалаларымен және қоршаған ортаны ластаудан әлемде бірінші мемлекет. Ал осындай экологиялық жағдай мен қытайдың көкөніс өндірудегі технологиясын білгендіктен қытайлық азық-түлікті тұтынудан бас тартқан дұрыс. Ол үшін отандық өнімді, «Қазақстанда жасалған» маркасын пайдалануға кеңес береміз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер