BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қыс уақытында қалай дұрыс тамақтану керек?

Қылышын сүйреп келген қыс мезгілінде ағамыздағы дәрумен тапшылығы артады. Оны қалай түзей аламыз?

Күннің қысқалығына қарамастан өзіңізді сергек сезіну үшін, ағзаңызды пайдалы заттармен қуантқаныңыз абзал.

Әсіресе, артық салмақтан арылуға бел бусаңыз, денсаулығыңызға ерекше мән бергеніңіз жөн. Сондықтан ағзаңыз қыс уақытында қажетсінетін тағамдардан бас тартпағайсыз.

Қыс мезгілінде тағам үлесінде ақуыз жеткілікті болуы тиіс. Балық, тауық жұмыртқасы, сиыр, құс еттерін, сүт өнімдері мен үрме бұршақпен көп ауқаттанғаныңыз ләзім.

  • Айтпақшы, тәттіні көп жемегеніңіз жөн, себебі қант иммунитет жасушаларының зиянды патогендерге төтеп бер қабілетін төмендетіп, сырқаттану қаупі артады.
  • Сорпаны көп ішіңіз. Олар – тойымды әрі құнарлылығы төмен. Доңыз етінен бас тартып, картопты көп қоспаңыз. Сонымен қатар қуырылған тағамдармен әуестенбегеніңіз абзал.
  • Тағам үлесіне бұршақ тұқымдастарды қосыңыз. Олар – ақуыз, жасұнықтарға бай. Сондықтан көмірсулы картоп немесе күріштің орнына тамаша гарнир бола алады. Жасымық, асбұршақ, ноқат… Оларды қолданудың да уақыты келді.
  • С дәруменіне назар аударыңыз. Шындығында, ол өте оңай. Мысалы, таңертеңгілік ботқаға мүкжидек немесе басқа да жидек қосуыңызға болады. Ал кешкі асқа гарнирдің орнына ашытылған қырыққабат таңдаңыз.
  • Дұрыс тамақтаныңыз. Егер күнделікті тамақтану тәртібі таңғы және кешкі астан тұрса, сірә, одан зияны не нашары болма. Ең дұрысы – 3 рет негізгі тамақ, 2 рет аздаған тіскебасармен ауқаттану. Сонда ағзаңыз артық май жинамайды. Банан, алма не бір уыс жаңғақ жеуге 5 минуттан артық уақыт кетпейді. Есесіне тойымдылығы мен азаңызға пайдасы өте зор.

stan.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер