BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қымыздың қасиеттері

Астана. 1 мамыр. BAQ.kz – Қазақтың ұлттық тағамдардың дертке дауа, ауруға шипа екені о бастан белгілі. Расында да, ұлттық тағамдарымыздың барлығы адам денсаулығына аса пайдалы. Өйткені, қазақ тағамдардың қай-қайсысы болсын табиғи жолмен алынады және ешқандай химиялық жолмен өңделмейді, дәрумендері сол күйі сақталып дастарқанымызға келеді. Мәселен, емдік қасиеті мол қымыз сусыны ерекше қасиетімен ерекшеленеді. Қымыздың көп ауруға, әсіресе өкпе ауруы – туберкулезге қарсы мың да бір ем екендігін қазір ғылым да дәлелдеп отыр.

Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп.

Сондай ақ, қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы өте көп. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы.

Сонымен қатар, адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсы көмектеседі. Қымыздың құрамындағы қоректік заттары (белок, май, қант) толық 95% қорытылады, себебі оның құрамындағы алкоголь мен көмір қышқылы ішекқарын жүйесінің сіңіргіштік қасиетін арттырады.

Қымызда науқастың тәбетін ашатын В, В2, Р, С витаминдері көп болады. Сондай-ақ оның антибиотиктік қасиеттері организмнің инфекцияға төтеп беру қабілетін күшейтеді. Қымызбен емдегенде қанда гемоглобин, эритроцит көбейеді. Холестерин құрамы өз қалпына келеді, тамырдың соғуы жылдамдап, қан айналымы көтеріледі. Осыған орай жүрек, қантамыр жүйесінің жүмысы жақсарады.

Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге пайдалы екендігін айтып отыр.Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдауға көмектесетін көрінеді. Қан тамыры мен жүрек соғысы нашар адамдарға қымызды ішуге кеңес береді.

Болашақта тек қана ата-бабаларымыздың ұлттық тағамдарын бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық етейік! 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер