BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қықса толқынды пештің де зияны көп

Астана. 16 сәуір. Baq.kz – Жиырмасыншы ғасыр адамзат баласы үшін ерекше ғасыр болды. Бұл уақытта қаншама технологиялық жаңалықтар ашылып, қаншама техниканың түрі пайда болды. Оның барлығы біздің өмірімізді жеңілдетіп, әлемге жаңа өзгерістер алып келді.

Осындай техникалық жетістіктердің бірі - қысқа толқынды пеш. Қазір кез-келген тағамды қыздыру үшін қазан астына от қоюдың қажеті жоқ, тоқ көзі болса жетіп жатыр. Дегенмен, дәрігерлер мұндай пештердің адам денсаулығына айтарлықтай зиян екенін айтып, дабыл қағуда. Иә, дәрігерлер бұрында да қысқа толқынды пештерді барынша аз пайдалануға кеңес беретін. Ал, жақында жүргізілген зерттеу жұмыстарынан кейін одан мүлдем бас тарту керек дегенді айтты.

Магнетрон - қысқа толқынды пеш інідегі қуатты электромагнитті сәуле шығарушы зат. Соның арқасында ас ішіндегі жасушалар тез қимылдап, бір-бірімен үйкелісе бастайды. Ал, үйкеліс нәтижесінде қызу пайда болады.

Жасушалардың үйкелісі тағам құрамындағы барлық дәруменді жойып, оның маңыздылығын да жоғалтады.

Егер қысқа толқынды пеш ішіне тағам әзірлесеңіз, онда тағамыңыздағы дәрумендердің 98 пайызы жойылып кетеді. Ғалымдар мұндай процесті ас құрамындағы атом бомбасының жарылысы деп атайды екен.

Нәтижесінде біз құрамындағы жасушалары түгелдей дердік өліп қалған, ағзаға мүлдем пайдасы жоқ тағам жейміз. Ал, мұндай асты жиі пайдалана берсек жүрек ауруына шалдығып, соңы қатерлі ісікке айналуы да мүмкін.

 

Әзірлеген Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер