BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Медсақтандыру – сапалы қызмет, аурудың алдын алу

Кене шаққан жағдайда не істеу керек? Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы белгiлерiн қалай бiлуге болады? Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері Айжан Молдабаева әңгімелеп берді.

Маманның айтуынша, ең алдымен кене шаққан адамның дене қызуы 40 градусқа дейiн көтерiледi. Басы қатты ауырып, буындары сырқырайды. Жүрегi айнып, құса бастайды. Асқа тәбетi болмайды. Кене шаққаннан кейiн екiншi-бесiншi күндерi науқастың аузынан, мұрнынан, асқазанынан, iшегiнен, әйелдердiң жатырынан қан кетедi.

«Қауiптi дерттiң алдын алу үшiн мынадай шараларды мұқият сақтағаны дұрыс. Ауру анықталғанда арнайы киiм кию керек. Қораны тазалағанда, табиғатта демалғанда киiмдi шешiп, мұқият тазалау керек. Кене жабысқан жерден оны қысқыш арқылы алып, орнын спиртпен сүрту қажет. Сөйтiп, тез арада дәрiгерге қаралған абзал. Есiңiзде болсын, кененi еш уақытта қолмен езбеңiз. Кене шаққан жағдайда дәрiгерге көрiнiңiз» - дейді дәрігер.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері Конго-Қырым қанды безгегінің 8 жағдайы тіркеліп, 2 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, халыққа сапалы дәрігерлік көмек көрсетуді көздейтін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де профилактикалық жұмыстарға баса назар аударылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер