BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қант – «тәтті у»

Астана. 29 сәуір. Baq.kz – Иә, америкалық ғалымдар қантты осылай атайды. Өйткені, одан адам ағзасына ешқандай да пайда жоқ дейді олар. Қантты аз және өз орнымен пайдаланса әрине, денсаулыққа айтарлықтай зияны жоқ. Ал, шамадан көп тұтынса қант түрлі ауруларға алып келеді. 

Тәттіні орынсыз пайдаланған адамда ең алдымен қант диабетіне шалдығу қаупі артады. Бұл баршаға белгілі. Ал, Батыстың ғалымдары қанттан өзге де аурулардың пайда болатынын айтып отыр. Мәселен, көптеген аллергиялық тері аурулары, аяқтағы көктамырдың кеңеюі, денедегі жасушалардың өмір сүру уақытының азаюы, бүйрек үсті безінің бұзылуы, ауыз қуысының иістенуі секілді жағдай тікелей осы қанттың кесірінен. Сонымен қатар, қазіргі таңда Батыс елдерінің №1 проблемасына айналып отырған семіздік дертінің артында да осы тәттіге деген құмарлық тұр.

Қант денедегі ең қажетті микроэлементтер кальций, магний, калийдің қорын азайтады. Ол сондай-ақ, адамдардың ерте қартаюына да себепші. Сондықтан адамдар қанттан мүлдем бас тартса да артық емес дейді америкалық ғалымдар. «Өйткені қантта ешқандай пайда жоқ, химиялық өңдеуден өткен қант – тәтті у» дейді олар. Сондықтан, тәттіні қатты жақсы көретін адамдар күніне шайға 5-6 шайқасық қант қана пайдалану керек. Одан артығы тек денсаулыққа кері әсерін тигізеді. 

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Қараша 2018, 09:48
Сіз қанша қант «ішесіз?»
Пікірлер