BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халық емімен бауырды сауықтыру

Астана. 10 мамыр. Baq.kz – Денеміздегі қанның қызыл түйіршіктерін, жұлынның жұмысын қамтамасыз ететін маңызды орган, жылу қуатының көзі, В12 және Д дәрумендерін құраушы болып саналатын бауырдың ауруға шалдығуы бүкіл ағзаның жағдайына айрықша әсер етеді.  

Бауыр – ағзаның басты сүзгісі. Ол шлактанған кезде ыдырау өнімдері буындардың, терінің, тамырлардың және тағы да басқа дені сау мүшелердің тіндеріне жинақтала бастайды да ауру туғызады. Сол себепті көбінесе бауырды емдеген кезде буындар ауруын қояды. Бауыр – зор қосалқы мүмкіндіктері бар орган болғандықтан, бауырдың кез-келген зақымдануы әдетте шлактанудан бастап елеулі ауруларға дейін симптомдарсыз (әсерсіз) ағымда болады. Бауырдың шлактанғанын көрсететін алғашқы белгілері: жиі бас ауруы, түндегі ұйқысыздық, күндізгі ұйқышылдық, майлы, ащы немесе қалбырланған ас ішкеннен кейін оң жақ қабырғаның астындағы тартатын әлсіз ауырсыну, тәбетсіздік.

Халық емшілері, мамандар бауыры ауыратын адамдарға емдом ұстануға, оны мынандай тәсілдермен сауықтыруға ақыл-кеңес береді:

1. Жүгері собығының шашақтары мен жас жапырақ-тарын суға қосып шамамен 15 минуттай қайнатып, бұл қоспаны күн бойына екі кеседен ішу керек;

2. Күніне бір рет қызыл қызылша мен шалқаннан (редька) теңдей етіп, бір стакан шырынды;

3. Күніне бір кесе қайың шырынын;

4. Күніне екі-үш кеседен далалық салаубас (бессмертник) гүлінің тұнбасын;

5. Күніне екі-үш кеседен орман бүлдіргенінің жапырақтары мен сабақтарынан жасалған тұнбаны ішкен дұрыс.

6. Дәрі бақбақ (одуванчик) тамырының 1 шай қасығын 1,5 стакан суда демдеп, 5 минут қайнатады. Шай сияқты ішеді.

7. Ыдысқа бір қабат бақ-бақ гүлдерін салып, оның үстіне бір қабат құмшекер салады. Оның үстінен ауыр затпен 1-2 аптаға бастырып қояды.

8. Сусынтамыр (цикорий) тамыры, дала қырықбуыны (хвощ полевая) шөбі, мыңжа-пырақ (тысячелистник) шөбі, шайқурай (зверобой) шөбі. Әрқайсысынан 1 ас қасықтан алады. Осы қоспаның 1 ас қасығын ыдысқа салып, 1 стакан қайнап тұрған су құяды. 30 минут тұндырады. Күніне 2-3 рет тамақ ішер алдында 15-20 минут бұрын 3-4 стаканнан ішеді.

9. 1 кг балға 1 кг қара қарақат (черная смородина) араластырады. Күніне 3-4 рет 1 шай қасықтан ішеді.

10. Шайшөп (зверобой продырявленный) шөбі, түймешетен (пижма) гүлдері, мыңжапырақ шөбі, дәрі түймедақ (ромашқа аптечная) гүлдері, шоңайна (лопух большой) тамыры, итмұрын (шиповник) жемістері, шалфей шөбі, андыз (девясил) тамыры, қызылтаспа таран (горец птичий) шөбі, үштармақ итошаған (череда трехраздельная) шөбі. Әрқайсысынан 10 г алады. Осы қоспаның 1 ас қасығын 0,5 л қайнаған суда тұндырады. Күніне 3 рет тамақ ішер алдында 30 минут бұрын 1/3-1/2 стақаннан ішеді.

11. 1 ас қасық қаймаққа қайыңның қара майының (деготь) 1 тамшысын тамызып ішеді де, артынан 1 қасық бал ішіп жібереді. Бірінші күні қара майдың 1 тамшысын, екінші күні 2 тамшысын, үшінші күні 3 тамшысын қосады. Осылай 10 күнде 10 тамшыға жеткізеді. Содан соң кері қарай қара майдың мөлшерін азайтып ішеді. Балалар үшін бұл мөлшер екі есе аз болуы керек. Одан кейін 1 апта үзіліс жасайды.

 

Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер