BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Facebook-те алаяқтың арбауына түсіп қалмау үшін нені білу керек?  

Интернетте жасалатын қылмыс саны жыл сайын артып келеді. Фейсбукті 2 млрд-тан астам адам қолданатындықтан қылмыскерлер мұнда да көптеп кездеседі. Ең сорақысы, алаяқтықтың жаңа түрлері әлеуметтік желілерде тез таралып кетеді!

Қазіргі таңда алаяқтар жаңа айла-тәсілдің көмегімен миллиондаған Фейсбук қолданушының мәліметін ұрлап жатыр. Қалай дейсіз ғой? Сіздің поштаңызға базбіреулер Facebook-тің атынан хат жібереді. Онда алаяқтар сіздің қауіпсіздігіңіз үшін деген желеумен қолданушының аты-жөні мен құпия сөзін жазып жіберуін өтінеді.

Әдетте ол мынадай үлгіде келеді

Егер мәліметті енгізсеңіз, тұзаққа түстім дей беріңіз!

Айтпақшы, хаттың көрінісі сәл басқаша болуы да мүмкін, алайда онда да құпия сөзді енгізуге арналған орын қарастырылған.

Әлеуметтік желі ешқашан құпия сөзді қайталап сұрамайтынын есте ұстау керек. Алайда миллиондаған адам мұны біле бермейді.

Ал оның зардабы қандай?

Ол әртүрлі болуы мүмкін. Ең жеңілі – сіздің парақшаңызға порнография жүктеп тастайды. Сіздің атыңыздан достарыңызға вирустың сілтемесін таратып, банк аударымына арналған реквизиттер арқылы көмек сұрауы да мүмкін. Қысқаша айтқанда қаскүнем ойында не болса соны жүзеге асыруға тырысады.

Дереккөз: Napozitiv.ru


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер