BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ешкі сүті түрлі дертке дауа

Астана. 2 мамыр. BAQ.kz – Ерте замандардан келе жатқан ғалымдар мен ойшылдар ешкі сүтін «денсаулықтың қайнар көзі», «өмір шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал өзге бір тағам сүттің орнын баса алмақ емес. «Қойдың сүті – қорғасын, ешкі сүті - ем» деп жатуы осының айғағы. Ешкі 500-ден аса пайдалы шөптің түрін жеп қорек алады. Сондықтан оның сүті - таптырмас ем, бойға қуат. 

Бүгінде ғалымдар ешкі сүтінің емдік және аурулардың алдын алуда, әсіресе, анемияда, тағамдық аллергияда, туберкулезде, асқазан, ішек-қарын жолдарының ауруларында, диабетте, диатезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен және көздің нашар көруінде пайдалы деген қорытынды жасады. Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді. Сиыр сүтіндегі темірге қарағанда ешкі сүтінің темірі жақсы сіңеді, бұл анемияның алдын алуда аса маңызды.

Асқазан және ішек ауруларына

Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасының зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.

Диатез дертіне

Диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерден ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.

Ұйқы безінің бұзылуына

Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0,5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
Қатерлі ісік дертіне

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар. Сондай-ақ, ол иммунды жүйені қатайтады. Оның емдік тәсілі мынадай: шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 г-нан өлшеп, науқасқа беру керек.

Косметологияда

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруде табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде ешкі сүтімен шайып тұру қажет.

Сүйекке пайдалы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан, дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады. 


Дана Сағынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер