BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерін бояуы қанша қымбат болса сонша қауіпті

Астана. 30 сәуір. Baq.kz – Америка Құрама штаттарының Тұтынушылар ісі жөніндегі басқармасы 33 түрлі өндірушінің жасап шығарған ерін бояуларын тексере келе, олардың 61 пайызында қорғасынның шамадан тыс көп екенін анықтады. Әсіресе, бағасы қымбат далаптарда зиянды қоспалар жиі кездеседі дейді мамандар. 

Бүгінде көпшілікпен бірге қазақстандық қыз-келіншектерге де танымал Cover Girl, L'Oreal және Christian Dior сынды әлемдік алпауыт фирмалар әзірлейтін ерін бояулары адам денсаулығына зиянды деп танылып отыр. Жоғарыда атап өткендей, олардың құрамында қорғасын мөлшері айтарлықтай дәрежеде көп.

Бір қызығы, далап арзан болған сайын оның құрамындағы қорғасын мөлшері де азая береді дейді зерттеуді жүргізген ғалымдар.

Қорғасынның адам денсаулығына тигізер залалы көп. Атап айтар болсақ, ол жүйке жүйесіне кері әсер етіп, ойлау қабілетін тежейді, сондай-ақ, есте сақтау қасиетінен де бірте-бірте айыратын көрінеді. Қорғасын әсіресе аяғы ауыр әйелдерге қауіпті дейді дәрігерлер. Жүкті келіншектердің ағзасында қорғасынның артуы жатырдағы баланың түсіп қалуына әкелуі мүмкін. Ал, кей жағдайларда осы қорғасынның салдарынан ерлерде белсіздік, әйелдерде бедеулік пайда болуы мүмкін. 

 

Әзірлеген Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер