BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ер адамдарға не сыйлауға болады?

Фото: fiestino.ru

Нәзік жандарға сыйлықтың түр-түрін алуға болады. Ең оңайы гүл десек, одан ары әтір, тәтті шоколад, мойын орағыш, жұмсақ ойыншық, түрлі косметика мен әшекей бұйымдар. Таңдау өте көп, бастысы сүйіктіңіздің талғамына сай келетін сыйлық болса болғаны. Ал, ер адамдарға сыйлық сыйлауға келгенде қыздар қауымы қатты қиналып жатады. Басты проблема – оның талғамын табудан бұрын, қандай сыйлық сыйлауда. Сонымен, бүгін біз ерлерге сыйлауға болатын бірнеше сыйлықтың тізімін жазып шықтық.

Мультитул – ер адамға ешқашан артық болмайтын сыйлық. Бір сыйлықта бірнеше зат: пышақ, бұрауыш, қысқыш, іскек, ашқыш және бұранда.

Сертификат ыңғайлы және бас қатырмайтын сыйлық. Егер сіздің еріңіз қандай сыйлық қалайтынын білмесеңіз, сертификат сыйлаңыз. Қалағанын өзінің таңдап алуына мүмкіндік болады.

Диск немесе шар. Сыйлық ретінде беріле бермейтін ерекше нәрселердің бірі. Ең бастысы, ол сыйлықтың шынайы көңілмен, әзіл ретінде сыйланған сыйлық екенін білдіруді ұмытпаңыз.

Қолға арналған жаттықтыру құралы (Powerball) – компьютердің алдында бар уақытын өткізетін, не болмаса өзінің мүсініне қатты көңіл бөлетін жандарды қатты қуантады. Бұл ерекше зат физикалық жаттығу мен сергек көңіл күйді бір арнаға тоғыстыратын сыйлық.

Функционалды әшекей ілгек – күнделікті тұрмыста қажетті нәрсе. Ең бастысы, сыйлықты алып отырған адам ондай әшекейлерді кілтке, болмаса басқа да заттарға таға ма соны анықтап алу қажет.

Ұйқыны жақсы көретін жандар үшін нысанаға ату сағатын сыйға тартсаңыз болады. Оятар ойнағанда, тоқтату үшін нысанаға пульт түріндегі тапанша арқылы оқты дөп тигізсе, ол ойнағанын қояды.

Диско-жинақ көңілді кештер мен клубты жақсы көретін жанды қатты қуантары сөзсіз. Жақсы көретін әндерін тыңдағанда, сізді есіне алып, ностальгия сезімін бастан кешетіні сөзсіз.

Автокөлігі бар болса жігітке термокружка сыйласаңыз болады. Кружкадағы ыстық шай мен кофе үнемі сізді есіне алғызып тұрады.

Сыраны жақсы көретіндерге кішкентай ғана сыра қайнатқыш сыйлауға болады. Сыраға керек қоспалар болса, үй жағдайында-ақ сүйген сусынын жасап ішуіне болады.

qamshy.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер