BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Екінші жоғары білім алу үшін кешенді тесті қайда тапсырамын?


Астана. 24 мамыр. Baq.kz-Нұржан есімді жас талап ҚР Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұловтың блогына сауал жолдапты. Онда «Мен осы жылы Қазақстан-Ресей Университеті жанындағы Инновациялық технологиялар колледжін техник-бағдарламашы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіргелі отырмын. Ары қарай басқа мамандық бойынша жоғарғы оқу орнында білім алу үшін кешенді тест тапсыруым керек екен. Осы кешенді тестті қай кезде, қай жерде тапсыруға болатыны туралы мағлұмат беруіңізді сұраймын. Жауабыңызға алдын-ала рахметімді білдіремін!»


ҚР Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұловтың жауабы:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 маусымдағы № 111 қаулысына сәйкес кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі. Аталған қаулы Министрліктің «Талапкер-2013» айдарында орналасқан».

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер