BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

 «D» дәрумені адамды суық тию мен тұмаудан қорғайды

«D» дәрумені тек сүйектің беріктігін арттырып қана қоймай, иммунитетті күшейтеді. British Medical Journal басылымында жарияланған сараптамалық мақалада күндік рационымыз аталмыш дәруменге бай болуы керектігі айтылған. Алайда Англия Денсаулық сақтау ұйымы бұл міндетті норма еместігін, тек бұлшық еттері пен сүйек саулығын сақтағысы келген адамға ұсынылған пайдалы кеңес екенін алға тартады.

Адам иммунитеті «D» дәруменін микробтарға қарсы қалқан ретінде пайдаланатыны белгілі. Бұл дәруменді ағзамыз негізінен тері арқылы күннен алғандықтан, қыс мерзімінде оның тапшылығы сезіледі.

Лондон университетінің ғалымдары қарапайым тұмаудан бастап пневмонияға дейінгі барлық тыныс жолы ауруларын зерттеп көрген. Соның нәтижесінде, «D» дәруменін 33 рет қабылдаған адам инфекциядан құлан таза арылатыны дәлелденген. Яғни, бұл – әртүрлі екпелерге қарағанда аурудан айығудың анағұрлым тиімді жолы. Сонымен қатар, зерттеу кезінде дәрумендерді аз-аздан жиі қабылдау айына бір рет көп мөлшерде қабылдауға қарағанда пайдалырақ екені анықталды.

Адам ағзасындағы кальций мен фосфат мөлшерін «D» дәрумені реттейді. Ол жетіспесе балалар мешел болып қалуы мүмкін, өйткені сүйек кальциймен дұрыс қамтамасыз етілмейді. Алайда бұл өте сирек кездесетін ауыр жағдайлар қатарында. Ересектерге «D» дәрумені жетіспесе, остеомалияция, яғни сүйек пен буын ауруларына ұшырауы ықтимал. Ескере кететін жайт, аталмыш дәрумен ағзада шектен тыс көп мөлшерде болған жағдайда, жүрек пен бүйрекке күш түсіреді. Сондықтан, алдымен дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз абзал.

Сонымен қатар, көптеген дәрігерлер «D» дәруменін күз, қыс айларында қабылдаған дұрыс деп санайды. Өйткені, адам ағзасы бұл дәруменді күннен алғандықтан, көбіне жаз мезгілінде мұқтаждық туындамайды. Егер қандай да бір себеппен күн көзіне шыға алмасаңыз, жыл бойы қабылдай беруге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер