BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Coca-Cola-ның тұрмыстағы пайдасы жөнінде біле жүріңіз

Coca-Cola-ның тіл үйірер тәтті дәмінің астарында адам ағзасына қанша зияны барын бірі білсе, бірі білмейді, білгісі де келмейді. Десе де, осынау сусынның сатылымы күн сайын өспесе, азайып жатқан жоқ әрі әлем нарығындағы бағалы брендтердің бірі болып қала беруде. Baq.kz аталмыш сусынның ағзаға зиян болғанымен, тұрмыстағы пайдасын назарыңызға ұсынады.

Бір қызығы, кейбір елдерде кола судан да арзанырақ тұрады. Оның газды-қышқылды құрамы адам ағзасындағы қышқылды-сілтілік теңдікті бұзады дейді ғалымдар.

Егер коланы күн сайын ішетін болса, артық салмақ, ас қорытудың бұзылуы, жүрек пен өкпе ауруына шалдығу қаупі басым. Тәулігіне ең азы бір рет кола ішетін адамның семіздікке шалдығу мүмкіндігі 31 пайызға, дене дамуының бұзылуы 30 пайызға, қан құрамындағы қант деңгейінің көбеюі 25 пайызға, холестерин ауруына шалдығу мүмкіндігі 32 пайызға және қан қысымы артуы мүмкін.

Коланың адам денсаулығына зияны көп болғанымен, тұрмыста пайдасы зор екенін айта кеткен жөн. Әсіресе қиын дақтарды кетіруде Coca-Cola – таптырмас шешім.

Коланың көмегімен:

1. Темірде, ванна, раковинада тұрып қалатын татты тазартуға болады.

2. Киім, матаға тиген қанды кетіре аласыз.

3. Көліктің майы сіңген асфальт, еденді тазартыңыз.

4. Күйіп кеткен кәстрөл, темір ыдысты тазартуға болады. Ол үшін ыдысты кола құйылған табаққа салып, біраз уақыттан кейін жуыңыз.

5. Көлік қозғалтқышын тазарта аласыз.

6. Тиындардың бетінде қатып қалған кірді тазартуыңызға болады.

7. Фарфор бетіне сіңген дақтарды кетіре аласыз.

8. Хромнан жасалған заттарды тазартады. Ол үшін алюминий фольгасын колаға салып, көліктің хромнан жасалған құралдарын сүртіп шығыңыз.

9. Асүйдегі раковина бітеліп қалған жағдайда үстінен кола құйып қойсаңыз, құбырға қатқан май-қоқыс жіпсіп, ашылады.

10. Мал сойған соң, ішек-қарынның бетінен кола құйып, жарты сағатқа қалдырсаңыз, иісі де кетіп, қабықтары да оңай сыдырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер