BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бір университеттен екіншісіне грант бойынша ауысуға бола ма?


Астана. 26 сәуір. Baq.kz-Еркебұлан есімді студент былай деп сұрақ қояды: «Мемлекеттік университеттен Ұлттық университетке, гранттан грантқа сол мамандыққа бойынша ауысуға болады ма? Егер болса жолы қалай екен соны атап өтсеңіз, өтініш. Алдын ала алғысымды білдіремін, РАХМЕТ!»


ҚР Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұловтың жауабы:Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 Қаулысымен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 32 тармағына сәйкес білім беру гранты бойынша білім алатын студент білім беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады. Жекелеген ЖОО-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша нысаналы орындарға, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ғана ауыса алады. Студенттер мен магистранттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер