BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бет таза болу үшін асқазаның таза болсын...

Бүгінде кез келген қыз-келіншек сыртқы келбеттің ішкі құрылыспен тікелей байланысты екенін жақсы біледі. Сол себепті түрлі диета мен тағамтану ғалымдарының пікірлері құнды болып отыр. Біз де сіздерге осы тақырыпқа сәйкес ақыл-кеңес пен тексерілген әдіс-тәсілдерді ұсынуға дайынбыз. Солардың бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Бір ай бойы таңертең тамаққа аса тиімді «скрабты» қосып отыруыңызға тура келеді. Бір айдан кейін айнадан үлкен ісіңіздің жемісін көре аласыз.

Бет терісінің түсі, тырнақ пен шаш жақсарып, іштегі май «ери» бастайды.

Құрамы:

5 ас қасық сұлы үлпектері;

5 ас қасық су;

1 ас қасық сүт (немесе 1 шай қасық қаймақ);

1 шай қасық бал;

5 грек жаңғағы.

Дайындалу және қолданылу тәсілі:

Түнде 5 ас қасық сұлы үлпектеріне 5 ас қасық қайнатылған салқын су құю керек. Мұны таңертең 15-20 минутқа қоюға да болады.

Таңертең осы үлпектерге 1 ас қасық сүт немесе 1 шай қасық қаймақ қосып, 1 шай қасық бал араластырып, 5 грек жаңғағын қосу керек. Сосын бәрін жақсылап араластырып, ауызға салып, дұрыстап шайнау керек.

3 сағат бойы нәр татпаған абзал.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қазан 2017, 09:19
Ақын болған қиын екен...
Пікірлер