BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бет күтімінің басты қағидалары

Әдемі ажарлы шырай бет күміне тікелей байланысты. Еңбектенсеңіз – нәтижесін де көре аласыз. Көп қыз-келіншектер бет күтіміне аса мән бермейді. Алайда, тегіс, таза, әдемі бет сұлулықтың басты кілті екенін ұмытпағайсыздар. Сондықтан бетіңіз әдемі болсын десеңіз, жалқаулықтан арылып, бүгіннен бастап қолға алыңыз. Ал біз оның жалпы ережелерін жазуға тырыстық, кәдеңізге жарасын!

Бет күтімінің басты ережесі – ол жүйелілік. Егер Сіз күнбе-күн гигиеналық ережелерді сақтасаңыз, теріңіз ұзақ жылдар бойы әдемі әрі жас болады. Әжімге ерте бой алдырмас үшін, алдын-алу шараларын ерте ойластыру керек, кейін салдары дұрыс болмайды.

Күнделікті күтім үшін алдымен, бетке келетін сыртқы факторлар, шаң-тозаңнан арылтып алу керекпіз. Ол үшін бетті күнделікті тазалап, нәрлендіріп және қорғап отыру керек.

Таңертең нәрлендіру мен қорғаныш үшін, тазалау құралдарын пайдалану керек. Содан соң, теріні қарапайым сумен немесе лосьон, сергіткіш сұйықтықтармен тазалау керек. Теріні нәрлендіру үшін күндізгі кремді пайдалану керек. Крем теріңізге сіңгеннен соң, қорғаныш кремін қолданыңыз.

Бетке және мойынға кешкі күтім тазалау мен нәрлендіруден тұрады. Күні бойы көптеген шаң-тозаңдар, кірлер теріңіздің жоғарғы қабатын ластайды, сондықтан тазалау процесіне таңғы күтімге қарағанда уақытты көбірек бөліңіз. Бетіңізбен мойныңызды тазалап болғаннан кейін, түнгі кремді жағыңыз. Артылған, бетіңізге сіңбей қалған кремді бір немесе бір жарым сағаттан соң, қағаз косметикалық майлықтармен сүртіп тастаңыз.

Күнделікті бет күтімінен бөлек, бетке әртүрлі маскалар жасау керек. Маскаларды көп жасауға болмайды, аптасына 1 немесе 2 рет жасасаңыз жеткілікті. Компресс, бу ваннасы, жаттығулар мен массаж туралы да ұмытпаңыз.

Кез-келген косметикалық құралдар оны дұрыс қолданғанда ғана жақы нәтиже беретінін ескеріңіз. Ол үшін өзіңіздің бетіңіздің анатомиялық құрылымын біліп алуыңыз керек. Жекелеп қарағанда тері сызықтарын, теріңіздің созылу аймағын ұғып алыңыз. Барлық косметикалық құралдар – тазалау, макияж жағу, массаж жасау, масканы шешу – осы сызықтардың төменнен жоғары қарай жүргізіледі.

Алғашқы уақытта бұл процедураны айна алдында жасап көріңіз. Артынан әдетке айналдырған жөн.

Тері өте нәзік. Сондықтан оны жуған сәтте қатты күш салып басуға, қатты жөке немесе щетка пайдаланбаңыз. Теріні құрғатуға түкті сүлгі пайдаланған жөн. Жай ғана бетке қойып, суды сіңдіріп алыңыз.

Кеңестер: Сіз күнделікті 10-15 минутыңызды теріңізге арнауыңыз керек. Күнделікті күтім тазалау, нәрлендіру және сыртқы шаң-тозаңнан қорғауды құрайды.

anabol.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер