BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балық майының емдік қасиеттері қандай?

Өзіміздің күнделікті тұрмысымызда пайдаланатын балық майының ағзамызға берер пайдасын көбіміз біле бермейміз. Балықтың бауырынан дайындалатын май әлемнің түкпір-түкпірінде үлкен сұранысқа ие.

Қазіргі уақытта базарлар мен түрлі дүкендерде балық майының екі түрі ұсынылған. Оның бірі сұйық және бірі қою капсула түрінде. Дегенмен, сұйық күйінде кездесетін балық майының бағасы арзандау. Есесіне, қою май сапалы әрі жағымсыз иіс бермейді. Аталмыш майдың адам ағзасына берер пайдасы орасан. Құрамына келер болсақ, йод, фосфор, сондай ақ, Е, Д, А дәрумендері де кездеседі. Медицина саласында жиі қолданылатындықтан, аталмыш май тұтынушылардың да сұранысына ие. Жүрек ауруларынан бастап, семіздікпен күресу үшін таптырмас бірден-бір ем. Балық майының құрамында кездесетін Омега 3 майлы кислоты адам ағзасында маңызды рөл атқарады. Әсіресе, мидың жұмысын реттеп, ойлау, есте сақтау секілді қабілеттерді жақсартады. Балық майын емдік дәрмек түрінде қолданудың нәтижесі бірнеше аурудан айығуға себепші болмақ.

Атап айтар болсақ: артериялық қан қысымының жақсаруы; құрғақ терінің нәрленуі; рак, артрит, жүрек аурулары; ағзадағы ген қызметінің реттелуі.

Сондай-ақ, балық майын дұрыс тұтынудың арқасында бұлшық еттерді қатайтып, күш жинай аласыз. Ал, майды қолдану тәсіліне келер болсақ, пайдаланудың бірнеше түрі бар. Мысалғы, Американың жүрек ассоциациясы майды қолданудың ең төменгі дозасын таңдап отыр. Яғни, күніне 0,5 грамнан 2 грамға дейін. Ал, көбіне тұтынушылардың пайдаланылатын дозасы одан көбірек. Мысалғы, тамақпен бірге майдың 1-2 грамын күніне екі-үш рет қайталап қолдануға болады. Осылайша бір ғана балық майын пайдалана отырып, бірнеше дерттің шипасын табуға болады.

ihsan.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Қараша 2018, 09:48
Сіз қанша қант «ішесіз?»
Пікірлер