BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балаларға қосымша қандай білім қажет?

Бүгінде мемлекеттік мектептерде түрлі пәндер оқытылатыны белгілі. Оның барлығы да мектеп бағдарламасында бекітілген. Айталық биология, физика, химия, алгебра, әдебиет, шет тілдері т.б. Осының бәрі бала білімін толықтырумен бірге келешекте өмірлік қажеттілігін де өтеуге жарайды.

Алайда кейбір ғалымдардың айтуынша, мектептерде міндетті түрде оқытылатын пәндер қатары мазмұн жағынан толықтырылуы тиіс. Олардың бірқатары мынадай:

  1. Фантастикалық романдардың негізін жазу.

Мектептегі бастауыш сынып оқушылары үшін өз өмірінен шығарма жазу — өте қызық. Көптеген ғалымдар баланың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін классикалық әдебиеттерді оқу аз, тіпті жеке кітап жазуға да дағдыландыру керектігін айтады.

  1. Қолданбалы механика

Білім ордаларында алгебра мен геометрия ең қиын пән және оған оқушылар селқос қарайды. Өмірде осы пәндерді қолдана қою екіталай дейтіндердің қатары көп. Алайда мұның да пайдасын көру үшін нақты ғылыммен айналысатындар жеткілікті. Балаларды өнертапқыштыққа баулу арқылы аталған екі пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ол үшін жалаң теориядан гөрі тәжірибеге баса назар аудару керек екен.

  1. Киноөндіріс

Көптеген мектепте театр үйірмелері бар. Бірақ оған барлық баланың қатысуы міндетті емес. Ол балалардың орындаушылық шеберліктерін жетілдіреді. Осы жерде қазіргі заманның ең озық құбылысы киноөндірісі дер болсақ, болашақ иелерін кино түсірудің қыр-сырына баулыған жөн. Ол табыс көзі ғана емес, елді танытудың тамаша жолы.

  1. Латын тілі

Қазіргі әлемде туған тіліңмен қатар, өзге тілді де меңгеру — өте тиімді. Олардың қатарында латын тілі кез келген тілдің негізі. Егер мектепте латын тілін жетік меңгерсеңіз, одан кейін испан, итальян, португаль, француз тілдерін меңгеру оңай көрінеді.

  1. Дінтану

Мектеп, колледж бітірген балалардың көпшілігі әлемдегі негізгі діндердің нәзік иірімдерін біле бермейді, дін төңірегінде түсінігі аз. Мұны жақсы білудің пайдасы зор екен. Ол таным-түсінікті кеңейтумен бірге, мәдениетті болуға мәжбүрлейді.

  1. Философия тарихы

Балалардың бәрі бірдей философия ғылымын меңгеруге ұмтылмасы анық. Алайда философия негіздері өмірде өте қажет болатынын ескерген жөн. Барлық атақты адамдар философия ғылымын жақсы меңгерген. Айталық, Сократ, Платон, Аристотель, Конфуций, Гаутама, Сунь Цзы және басқалар өз заманында осы саланы терең игеріп, нәтижесінде халықтың ыстық ықыласына бөленген.

  1. Спорт

Мектептерде балалардың денсаулығы сақтау мен өсуіне септігі тиетін дене шынықтыру пәні бар. Бірақ ұл-қыздарды жүгіру мен секіру тез жалықтырады. Сондықтан мамандар танымал спорт түрлерінің тарихын оқытып, балаларды қызығушылығына қарай сол пәндерді оқытуды ұсынады.

  1. Шахмат

Көптеген адамдар шахмат тақтасындағы сұлбалардың қалай не үшін жүретіндігін білмейді. Сондықтан да болар, дүниежүзінде 1000 ғана халықаралық гроссмейстерлер бар. Барлық ғалымдар шахмат ойды дамытудың мықты құралы екендігін жоққа шығармайды. Кәсіпқой шахматшылар нақты ғылыммен айналысса, өз ісінің шебері болары анық. Шахматты жақсы білетін бала сабақты да жақсы оқиды деген де қағида бар.

  1. Музыка

Музыка сабағы кез келген мектепте бар. Соңғы уақытта бұл пәнге қызығушылық артты. Екі баланың бірі музыка аспабын игеріп, әнші болғысы келеді. Алайда ұл-қыздарға тиімдісі классикалық музыканы игеру екен. Ол — нағыз музыканттардың әліппесі.

  1. Жекпе-жек өнері

Дене шынықтыру пәніне жекпе жек негіздерін енгізуден де ешкім ұтылмайды екен. Балалар мынадай заманда қырағылығын күшейтіп, өзін өзі қорғай алатын болады. Тіпті олардың өз келешегіне сеніммен қарауына да осы пән нақты көмектесе алады.

Дереккөз: aikyn.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер