BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бактерияға қарсы сабынның пайдасы жоқ

Астана. 5 мамыр. Baq.kz - Телеарналардан күнделікті көріп жүрген жарнамалар арқылы бактерияға қарсы сабындардың түр-түрін біліп жатырмыз. Өндірушілердің сөзіне сенсек, олар біздің теріні кез-келген зиянды заттардан 100%-ға сақтайтын көрінеді. Алайда, америкалық дәрігер-ғалымдар оның пайдасынан зияны көбірек дегенді айтып отыр.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, Америка ғалымдары бактерияға қарсы сабындардың онкологиялық ауруларға жол ашатынын дәлелдеді. АҚШ аумағында саудаланатын гигиеналық заттардың шамамен 75 пайызына өндірушілер триклозан затын қосады екен. Ол сабынның, тіс пастасының, сулы майлықтардың құрамында бар. Дәрігерлердің айтуынша, триклозан адамның ағзасына кері әсерін тигізеді. Жануарларға жасалған зерттеулер барысында, аталған зат бұлшық еттердің қысқару қабілеттілігін әлсірететіні, оның ішінде жүректің де бұлшық етіне кері әсерін тигізетіні анықталды. Сонымен қатар, триклозан репродуктивті жүйеге зиян келтіріп, ұрықтардың санын қысқартатыны, гормондардың бөлінуін бұзады.

Мүндай сабынды АҚШ-та көбіне спортшылар қолданады екен. Сондықтан өзгелерге қарағанда олар тұмау, суық тию, тері ауруларына жиі ұшырайды. Себебі, бактерияға қарсы сабындар адам ағзасындағы сыртқы ортадан сақтайтын микробтардың көзін жойып, зиянды бактериялардың орналасуына жол береді.

Дәрігерлер мұндай сабынмен тұрақты түрде жуыну теріні құрғатып қана қоймай, оның қорғаныш қабықшасын жұқартатынын айтып отыр. Мұның салдарынан тері аурулары пайда болады. Сондай-ақ, бетке әжім де ерте түсетін көрінеді. Сондай-ақ, терінің қатерлі ісігіне, инфекциялық созылмалы ауруларға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Дәрігерлер бұл сабындарды тек қажеттігіне қарай пайдаланған жөн дейді. 

 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер