BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аспириннің сіз білмейтін пайдасы

Бұл дәріні тек ауырғанда ғана емес, басқа да жағдайларда пайдасы көп.

Үй жағдайында:

киімге түскен дақтарды кетіреді. 100 мл. суда 2 таблетканы езіп, киімнің дақ түскен жерін ысқылап, 3 сағатқа қалдырады. Содан соң киімді әдеттегідей жуады.

Ыдыс-аяққа арналған құбырдың кейде толып қалатыны бар. Ол үшін бірнеше аспиринді сірке қышқылымен араластырып құбырға тастап қойыңыз. Аздан соң крандағы суды ағызып жіберсеңіз, құбырыңыздың тазаланып қалғанын байқайсыз.

Маса, ара шаққан жерге аспиринді қойса (сумен, тіс пастасымен араластырып жақса да болады) терінің ауырғаны, қызарғаны, қышығаны басылады.

Тері күтіміне:

Терідегі безеу, қара дақтарды кетіріп, теріні теп-тегіс, жұмсақ етеді. Ол үшін аспирин таблеткасын сумен араластырып бетке жағып, 5-10 минуттан соң жуып тастайды. Бал немесе қаймақ араластырып, маскалар жасауға да болады.

Шаш күтіміне:

Аспирин қышқыл болғандықтан шаштың артық майлануынан арылтады, жылтыратып, жұмсақ әрі тегіс етеді. Қайызғақтан арылу үшін бірнеше таблетканы езіп, сусабынға араластырып шашыңызды жуасыз. Алайда аспиринді әлсіз, сынғыш, құрғақ шаштарға қолдануға болмайды.

asylsoz.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер